Анықтамалық нұсқаулық

182
i
3 Түсіруді бастаңыз.
Start (Бастау) пəрменін белгілеп, J
түймешігін басыңыз. Суретке түсіру
шамамен 3 секундтан кейін
басталады жəне бүкіл суреттер
түсірілгенше таңдалған аралықпен
жалғасады (əр аралықта бір сурет
түсіріледі). Əр суретті жазудан кейін
болатын кідіріс ысырма жылдамдығына жəне кескінді жазу
үшін қажет уақытқа қарай өзгеріп отыратынын, нəтижесінде
фотосуреттер таңдалған аралықпен жазылмауы мүмкін
екенін
ескеріңіз.
A Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
Фотокамера ағымдағы параметрлермен (мысалы, «Bulb» (Қолмен
басылу режимі) ысырма жылдамдығы таңдалған болса) аралықты
реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді бастай алмаса, ескерту
көрсетіледі. Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіру
орындалып жатқанда параметрлерді реттеу мүмкін емес жəне
фотокамера автоматты түрде өшпейді (0 29).
A Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді үзу
Фотокамераны өшіргенде, батарея таусылғанда, режимді таңдау дискін
жаңа параметрге бұрғанда, я болмаса, G немесе K түймешігін
басқанда аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру аяқталады.