Анықтамалық нұсқаулық
183
i
Бұл параметр дірілді азайту (ДА) функциясына қолдау
көрсететін 1 NIKKOR объективтерінде қол жетімді. Қол жетімді
параметрлер объектив түріне қарай əр түрлі болады: белсенді
дірілді азайтуды қолдайтын объективтер үшін Normal
(Қалыпты)/Active (Белсенді)/Off (Өшірулі) жəне басқа ДА
объективтері үшін On (Қосулы)/Off (Өшірулі). Діріл əсерлерін
азайту үшін Active (Белсенді), Normal (Қалыпты) немесе
On
(Қосулы) параметрін таңдаңыз; қозғалыстағы көліктен немесе
жүріп келе жатқанда суретке түсіргенде, я болмаса
фотокамераның қатты дірілдерінің басқа түрлері үшін Active
(Белсенді) параметрін таңдаңыз, қозғалыссыз тұрғанда
байқалатын фотокамераның салыстырмалы түрде алғанда аз
дірілдеуі үшін Normal (Қалыпты) параметрін таңдаңыз.
Optical VR (Оптикалық ДА)
A Дірілді азайту
Фотокамера панорамаланған кезде дірілді азайту мүмкіндігі
панораманың бөлігі болып табылмайтын қозғалысқа ғана қолданылады
(мысалы, фотокамера көлденеңінен панорамаланған болса, дірілді
азайту мүмкіндігі тек тігінен болатын дірілге қолданылады), бұл
фотокамераны ақырын кең иін түрінде панорамалауды əлдеқайда
оңайырақ етеді. Ысырма босатылғаннан кейін кадр жиектемесі өзгерген
болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл ақаулықты білдірмейді
.