Анықтамалық нұсқаулық
xx
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертулер
Осымен, Nikon Corporation 1 V3 1999/5/EC директивасының негізгі
талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сай екенін
жариялайды. Бұл сəйкестік туралы декларациямен мына
мекенжайда танысуға болады:
http://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_1V3.pdf
Қауіпсіздік
Осы өнімнің артықшылықтарының біреуі оның басқаларға өз ауқымында кез
келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні
болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы
мүмкін:
• Деректердің ұрлануы: Зиянкес үшінші тараптар пайдаланушы
идентификаторларын, құпия сөздерді жəне басқа жеке ақпаратты ұрлау үшін
сымсыз тасымалдауларды ұстап қалуы мүмкін.
• Рұқсатсыз қатынасу: рұқсат берілмеген пайдаланушылар желіге қатынасты
алып, деректерді өзгертуі немесе басқа зиянды əрекеттерді орындауы
мүмкін. Сымсыз желілердің дизайнына байланысты, арнайы шабуылдар тіпті
қауіпсіздік қосылған болса да рұқсатсыз қатынасуға
мүмкіндік беруі мүмкін
екенін ескеріңіз.