Анықтамалық нұсқаулық
198
)
Алдын-ала қолмен енгізілген мəн
Алдын-ала қолмен енгізілген мəн аралас жарық жағдайында
сурет түсіруге арналған қолданушының ақ түс балансы
баптауларын жазу жəне қайтару немесе күшті түс реңкі бар
жарық көздерін түзету үшін пайдаланылады.
1 Негізгі нысанға жарық түсіріңіз.
Ақырғы фотосуретте пайдаланылатын жарық астына
бейтарап сұр немесе ақ түсті нысанды қойыңыз. Дəлдікті
арттыру үшін стандартты сұр тақтаны пайдалануға болады.
2 Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мəн)
параметрін таңдаңыз.
Ақ түс балансы мəзірінде Preset
manual (Алдын-ала қолмен
енгізілген мəн) параметрін белгілеп,
2 түймешігін басыңыз. Оң жақтағы
тілқатысу терезесі көрсетіледі; Yes
(Иə) жауабын белгілеп, алдын-ала
қолмен енгізілген ақ түс балансының
мəнін қайта жазу үшін J түймешігін басыңыз.
Оң жақта көрсетілген хабар
көрсетіледі.