Анықтамалық нұсқаулық

201
)
Фотокамераның жарыққа сезімталдығын бар жарықтың
көлеміне қарап реттеуге болады. ISO сезімталдығы неғұрлым
жоғары болса, экспозиция жасау үшін соғұрлым аз жарық қажет,
сонда жоғары ысырма жылдамдықтарын немесе кіші
апертураларды қолдану мүмкін болады.
ISO Sensitivity (ISO сезімталдық)
q
x
w
Auto (160–6400)
(Автоматты (160–6400))
Auto (160–3200)
(Автоматты (160–3200))
Auto (160–800)
(Автоматты (160–800))
Фотокамера ISO сезімталдықты жарық
жағдайларына сəйкес реттейді. ISO
сезімталдық жақшада берілген ауқым
ішінде реттеледі; үлкенірек ауқымдарды
жарық аз болғанда сезімталдықты
арттыру үшін, ал кішірек ауқымдарды
бұрмалануды (кездейсоқ орналасқан
жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі
немесе сызықтар) азайту үшін
пайдаланыңыз.
160, 200, 400, 800, 1600, 3200,
6400, 6400 (NR), 12800,
12800 (NR)
ISO сезімталдық таңдалған мəнде
бекітіледі. 6400 (NR) немесе 12800 (NR)
мəні таңдалса, фотокамера ысырманы
босату түймешігін соңына дейін басқан
сайын төрт түсірілім жасайды жəне
оларды жоғары сезімталдықтарда пайда
болатын бұрмалануды азайту үшін
өңделген, бір сурет етіп біріктіреді.
A «Автоматты» ISO сезімталдық параметрлері
ISO сезімталдықты автоматты басқару
қосулы кезде дисплейде ISO AUTO белгішесі
жəне ағымдағы ISO сезімталдық көрсетіледі.
D 6400 (NR)/12800 (NR)
Кескіннің жиектері кесіледі, кірістірілген жəне қосымша жарқыл
бөліктерін жəне Қосылған D-Lighting функциясын пайдалану мүмкін
болмайды. Суретке түсіру кезінде фотокамера немесе нысан қозғалса,
қажет нəтижелер алынбауы мүмкін. Кескін сапасы ретінде NEF (RAW)
немесе NEF (RAW) + JPEG fine (NEF (RAW) + жоғары сапалы JPEG)
таңдалған болса, сурет жоғары сапалы JPEG кескіні ретінде жазылады.
Ысырма жылдамдығы
1
/
30 секундтан баяуырақ болса, тек бір ғана сурет
түсіріледі.