Анықтамалық нұсқаулық

205
)
A Алдыңғы баптаулар
Picture Control баптауының мəзірінде
көрсетілетін мəн астындағы сызық баптаудың
алдыңғы мəнін көрсетеді. Баптауларды
реттеген кезде бұны анықтамалық ретінде
пайдаланыңыз.
A Сүзгі əсерлері (тек монохромды)
Осы мəзірдегі параметрлер монохромды фотосуреттердегі түс
сүзгілерінің əсерін симуляциялайды. Мына сүзгі əсерлері қол жетімді:
Y (сары) Контрастты күшейтіңіз. Пейзаж фотосуреттерінде
аспанның жарықтығын азайту үшін пайдалануға
болады. Қызғылт сары түс сарыға, ал қызыл түс
қызғылт сарыға қарағанда көбірек контраст береді.
O (қызғылт сары)
R (қызыл)
G (жасыл)
Тері реңктерін жұмсартады. Портреттер үшін
пайдалануға болады.
Filter effects (Сүзгі əсерлері) арқылы алынған əсерлердің нағыз шыны
сүзгілер шығаратын əсерлерге қарағанда нақты көрінетінін ескеріңіз.
A Реңк беру (тек монохромды)
B&W (қара-ақ), Sepia (Сепия), Cyanotype
(Цианотипия) (көк реңкті монохромды), Red
(Қызыл), Yellow (Сары), Green (Жасыл),
Blue Green (Көк-жасыл), Blue (Көк), Purple
Blue (Күлгін көк), Red Purple (Қызыл күлгін)
ішінен таңдаңыз. Toning (Реңк беру)
белгіленген кезде 3 түймешігі басылса,
қанығу параметрлері көрсетіледі. Қанығуын реттеу үшін 4 немесе
2
түймешігін басыңыз. B&W (қара жəне ақ) таңдалған кезде қанығуын
басқару қол жетімді болмайды.