Анықтамалық нұсқаулық
214
g
A түймешігі фокустау мен экспозиция екеуін (AE/AF lock (АЭ/
АФ құлпы)), тек экспозицияны (AE lock only (Тек АЭ құлпы))
немесе тек фокустауды (AF lock only (Тек АФ құлпы))
құлыптайтынын, я болмаса оны автофокусты бастау үшін
пайдалануға болатынын (AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ)) таңдаңыз.
Экспозиция құлпы төменде, фокустау құлпы 216-бетте
сипатталған.
Автоэкспозиция құлпы
Экспозиция құлпы экспозицияны өлшеуден кейін
фотосуреттерді қайта жектеу үшін пайдаланылады. Ол
қоршаған нəрселерден əлдеқайда жарығырақ немесе
қараңғылау ортада орналаспаған нысандарды жақтауға алу
немесе негізгі нысаннан басқа нысан үшін экспозицияны
оңтайландыру үшін ортасы бойынша өлшенген немесе нүктелі
экспоөлшегіш (0 177) əдісімен бірге пайдаланғанда ең тиімді
болады.
1 Экспозицияны өлшеңіз.
Assign AE/AF-L button (AE/AF-L түймешігін
тағайындау)
Нысанды кадрдың ортасына
орналастырып, экспозицияны өлшеу
үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз. Фокустау аумағы
жасыл болып көрсетілгенін
тексеріңіз.