Анықтамалық нұсқаулық
216
g
Фокустау құлпы
Фокустау құлпын пайдаланып жақтаудың ортасындағы нысанда
фокустағаннан кейін кадр жиектемесін өзгертуге болады. Бұл
түпкілікті кадр жиектемесінің ортасында болмайтын нысанда
фокустауға мүмкіндік береді. Фотокамера автофокуспен
(0 101) фокустай алмаса, бірдей қашықтықтағы басқа нысанды
фокустап, одан кейін фокустау құлпын пайдаланып,
фотосуретті қайта жиектеуге болады. AF-area mode (АФ
аумағының режимі) үшін Auto-area (Аумақты автоматты
түрде таңдау
) параметрінен басқа параметр таңдалған кезде
фокустау құлпы ең тиімді болады (0 185).
1 Фокустаңыз.
Нысанды кадрдың ортасына
орналастырып, фокустауды бастау
үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз. Фокустау аумағы
жасыл болып көрсетілгенін
тексеріңіз. Егер AF-S фокустау
режимі таңдалса (0 99), ысырманы
босату түймешігі жартылай басылған
кезде фокустау құлыпталады.
2 Фокусты құлыптаңыз.
A түймешігін басып фокустауды
құлыптаңыз жəне дисплейде AE-L/
AF-L көрінгеніне көз жеткізіңіз.
Түймешік басылып тұрған кезде
фокустау құлыптаулы болады.
A түймешігі