Анықтамалық нұсқаулық

217
g
3 Фотосуретті қайта жиектеп, суретке түсіріңіз.
Фокус түсірілімдер арасында
құлыптаулы күйде болады.
Фокустау құлпы қосулы кезде фотокамера мен нысан
арасындағы қашықтықты өзгертпеңіз. Егер нысан қозғалса,
жаңа қашықтықтан қайтадан фокустаңыз.
Флюоресцентті немесе сынап жарығы астында түсірген кезде
дисплей мен бейнефильмдерде жыпылықтау мен жолақтардың
пайда болуын азайтыңыз. Жергілікті айнымалы ток көзіне
сəйкес келетін жиілікті
таңдаңыз.
Flicker Reduction (Жыпылықтауды азайту)
A
Жыпылықтауды азайту
Жергілікті қуат көзінің жиілігін дəл білмесеңіз, екі параметрді тексеріп
көріп, ең жақсы нəтиже беретінін таңдаңыз. Нысан өте жарық болса,
жыпылықтауды азайту қажет нəтижелерді бермеуі мүмкін, мұндай
жағдайда v немесе w режимін жəне кішілеу апертураны (жоғарырақ f
санын) таңдау қажет.