Анықтамалық нұсқаулық
220
g
Суреттерде күтпеген жарық нүктелер байқасаңыз,
фотокамераның кескін сенсорын жəне кескін өңдегіштерін
тексеріңіз жəне оңтайландырыңыз (фотокамераның сенсоры
мен өңдегіштері оңтайландырылған күйде берілетінін ескеріңіз).
Төменде сипатталғандай нүктелерді белгілеу алдында батарея
толық зарядталғанын тексеріңіз.
1 Объектив жəне объектив қабын бекітіңіз.
Фотокамераны өшіріп, 1 NIKKOR объективін бекітіңіз.
Объектив қақпақпен жабдықталса, оны алмаңыз.
2 Pixel mapping (Нүктелерді белгілеу) пəрменін таңдаңыз.
Фотокамераны қосыңыз, G түймешігін басыңыз жəне
баптау мəзірінде Pixel mapping (Нүктелерді белгілеу)
пəрменін таңдаңыз.
3 Yes (Иə) жауабын таңдаңыз.
Нүктелерді белгілеу дереу басталады. Нүктелерді белгілеу
орындалып жатқан кезде басқа əрекеттерді орындау мүмкін
болмайтынын ескеріңіз. Нүктелерді белгілеу аяқталғанша
фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзін суырмаңыз
немесе ажыратпаңыз.
4 Фотокамераны өшіріңіз.
Нүктелерді белгілеу аяқталған кезде фотокамераны
өшіріңіз.
Pixel Mapping (Нүктелерді белгілеу)