Анықтамалық нұсқаулық

221
n
n
Техникалық жазбалар
Үйлесімді керек-жарақтар, фотокамераны тазалау мен сақтау
жəне фотокамераны пайдаланған кезде қате туралы хабар
көрінсе немесе мəселелерге кезіксеңіз не істеу қажеттігі туралы
ақпарат алу үшін осы тарауды оқыңыз.
Жазылу уақытында мына керек-жарақтар фотокамера үшін қол
жетімді болған.
Қосымша керек-жарақтар
Объективтер
1 бекіткіш объективтері
Орнату
адаптерлері
FT1 орнату адаптері: FT1 адаптері NIKKOR F бекіткіш
объективтерін Nikon 1 өзара ауыспалы объективі бар сандық
фотокамераларда пайдалануға мүмкіндік береді. FT1
құрылғысына орнатылған F бекіткіш объективінің көрініс
бұрышы фокустық қашықтығы шамамен 2,7 × есе ұзын 35 мм
пішіміндегі объективке тең. FT1 бағдарлама жасақтамасын
пайдалану туралы ақпаратты 259-беттен қараңыз;
пайдаланбай тұрып FT1 бағдарлама жасақтамасының соңғы
нұсқасына дейін жаңартыңыз. FT1 құрылғысын орнатуға жəне
алуға қатысты ақпаратты
жəне сақтық шаралар туралы
ақпаратты FT1 орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығынан
қараңыз. Пайдалануға болатын объективтер туралы ақпаратты
Үйлесімді NIKKOR F бекіткіш объективтері бөлімінде
қараңыз. FT1 орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы мен
Үйлесімді NIKKOR F бекіткіш объективтері парағы FT1
құрылғысымен бірге беріледі.
Электрондық
көріністапқыш-
тар
DF-N1000 электрондық көріністапқышы (0 34): DF-N1000
фотокамераның бірнеше керек-жараққа арналған портына
қосылады.
Тұтқалар GR-N1010 тұтқасы (0 36): GR-N1010 жақсартылған ұстау
мүмкіндігін ұсынады жəне қосымша басқару дискімен,
ысырманы босату жəне Fn3 түймешіктерімен жабдықталған.