Анықтамалық нұсқаулық
225
n
Қуат жалғағышын жəне айнымалы ток адаптерін
жалғау
Қосымша қуат жалғағышы мен айнымалы ток адаптерін жалғау
алдында фотокамераны өшіріңіз.
1 Фотокамераны дайындаңыз.
Батарея бөлімінің жəне қуат
жалғағышының қақпақтарын
ашыңыз.
2 EP-5С қуат жалғағышын салыңыз.
Қызғылт сары батарея ілмегін бір
жағына басулы ұстау үшін жалғағыш
арқылы көрсетілген бағытта
жалғағышты салуды ұмытпаңыз.
Жалғағыш толық салынған кезде
ілмек жалғағышты орнына
құлыптайды.
3 Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
Қуат жалғағышының кабелін қуат
жалғағышының ұяшығы арқылы
өтетіндей орналастырыңыз жəне
батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.