Анықтамалық нұсқаулық

227
n
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны
алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағын жауып, салқын, құрғақ
жерде сақтаңыз. Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін
фотокамераны құрғақ, əрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераны лигроин немесе камфара нафталин
дөңгелектерімен немесе мына орындарда сақтамаңыз:
дұрыс желдетілмейтін немесе ылғалдылығы 60%-дан астам
жерлерде
теледидар немесе радио
сияқты қатты электромагниттік
өрістер шығаратын жабдықтың жанында
+50 °C-тан жоғары немесе –10 °C-тан төмен температуралар
болатын жерлерде
Тазалау
Алкогольды, сұйылтқышты немесе өзге де ұшқыр химиялық
заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау жəне тазалау
Фотокамера
корпусы
Тозаңды жəне мамықты алып тастау үшін ауа үргішті
пайдаланып, жұмсақ, əрі құрғақ шүберекпен ақырын
сүртіп алыңыз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін құм немесе тұз
түйіршіктерін аздап тазартылған сумен ылғалданған
шүберекпен ақырын сүртіп, толық кептіріңіз. Маңызды:
фотокамера ішіндегі шаң-тозаң немесе бөгде
нəрселер кепілдік аясына кірмейтін зақымға əкелуі
мүмкін.
Объектив,
көріністапқыш
Бұл элементтер оңай зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны
ауа үргішпен кетіріңіз. Аэрозольды үргішті
пайдалансаңыз, сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік
күйде ұстаңыз. Саусақ іздері мен басқа дақтарды кетіру
үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалайтын
сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйып, ақырын
тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздері
мен басқа дақтарды кетірген кезде, сыртқы қабатын
жұмсақ шүберекпен немесе күдерімен ақырын сүртіңіз.
Қатты күш салмаңыз, себебі бұл зақымға немесе
ақаулыққа əкелуі мүмкін.