Анықтамалық нұсқаулық

228
n
Құлатып алмаңыз: қатты соққы немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса
немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі
механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Температураның кенет өзгерістерін болдырмаңыз: салқын күнде
жылумен қамтамасыз етілген ғимаратқа кіру
немесе шығу сияқты
жағдайда орын алатын температураның кенет өзгерістері құрылғы ішінде
конденсаттың пайда болуына əкелуі мүмкін. Конденсаттың пайда
болуына жол бермеу үшін температураның оқыс өзгерісі орын алмас
бұрын тасымал сөмкесіне немесе пластмасса сөмкеге салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз: бұл құрылғыны күшті
электр магнитті сəулелену немесе магниттік өрістер шығаратын
жабдықтың
қасында пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Радио
таратқыштар сияқты жабдық шығаратын күшті статикалық зарядтар
немесе магниттік өрістер дисплейге кедергі келтіруі, жад картасында
сақталған деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне əсер етуі
мүмкін.
Объектив жиектемесін жабық сақтаңыз: фотокамерада объектив
болмаса, корпус қақпағын бекітіңіз.
Кескін сенсорына тимеңіз: кескін сенсоры
оңай зақымдалады. Ешбір жағдайда сенсорға
күш
салмаңыз, тазалау құралдарымен тимеңіз
немесе үргішпен күшті ауа ағындарын оған
бағыттамаңыз. Бұл əрекеттер нəтижесінде
сенсор сызылуы немесе басқаша зақымдалуы
мүмкін.
Қуат көзін алу немесе ажырату алдында
өнімді өшіріңіз: өнім қосулы немесе кескіндер жазылып немесе өшіріліп
жатқан кезде өнімді розеткадан суырып тастамаңыз немесе батареяны
алмаңыз. Осындай жағдайларда қуатты күштеп ажырату деректердің
жоғалуына немесе өнім жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына
əкелуі мүмкін. Қуаттың кенеттен үзіліп қалмауы үшін өнімді бір жерден
екінші жерге айнымалы ток адаптері жалғаулы күйде апаруға
əрекеттенбеңіз.
Фотокамераға жəне батареяға күтім жасау: сақтық
шаралары
Кескін сенсоры