Анықтамалық нұсқаулық
229
n
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде шаң мен ұлпаны ақырын
кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ
шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін құм немесе тұз түйіршіктерін таза
сумен ылғалданған шүберекпен ақырын сүртіп, толық кептіріңіз.
Объективтер, көріністапқыштар жəне басқа шыны элементтер оңай
зақымдалады. Тозаң мен
ұлпаны ақырын ғана ауа үргішпен кетіру қажет.
Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде сұйықтықтың төгілмеуі үшін
құтыны тік күйде ұстаңыз. Шыныдан саусақ іздері мен басқа дақтарды
кетіру үшін таза, жұмсақ шүберекке объектив тазалағыштың аз ғана
мөлшерін құйып, шыныны жайлап сүртіңіз.
Сақтау: зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны салқын,
құрғақ, жақсы желдетілетін
аумақта сақтаңыз. Айнымалы ток адаптерін
пайдалансаңыз, өрт шықпауы үшін адаптерді розеткадан суырыңыз.
Өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батарея ақпауы үшін
оны алып қойыңыз жəне фотокамераны ылғал тартқышы бар пластмасса
сөмкеде сақтаңыз. Дегенмен, фотокамера қабын пластмасса сөмкеде
сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін. Ылғал
тартқыштың ылғалды тарту барысында ақырын өз
көлемін
жоғалтатынын жəне жүйелі түрде жаңасын салып отыру қажет екенін
ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған
жерінен кемінде айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны
қосыңыз жəне оны сақтауға қоймай тұрып ысырманы бірнеше рет
босатыңыз.
Батареяны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны алып тастамас
бұрын түйіспе тұс қақпағын
орнына салыңыз.
Монитор жəне көріністапқыш туралы ескертпелер: бұл дисплейлер
өте жоғары дəлдікпен жасалған; нүктелердің кемінде 99,99 % істейді, ең
көбі 0,01 % жетіспейді немесе ақаулы болып табылады. Бұл
дисплейлердің құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе
жасыл) немесе үнемі өшірулі (қара) болуы мүмкін нүктелер
болғандықтан, бұл ақаулық емес жəне құрылғымен жазылатын
кескіндерге əсер етпейді
.
Монитордағы кескіндерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.
Дисплейді күшпен баспаңыз, себебі бұл зақымдалуға немесе ақаулыққа
əкелуі мүмкін. Дисплейдегі тозаң немесе ұлпаны ауа үргішпен кетіруге
болады. Дақтарды жұмсақ шүберекпен немесе күдерімен ақырын сүрту
арқылы кетіруге болады. Дисплей сынып қалса, сынған əйнектен жарақат
алмау жəне дисплейдегі сұйық кристалдың теріге тимеуі
немесе көз бен
ауызға кіріп кетпеуі үшін сақ болу қажет.