Анықтамалық нұсқаулық
230
n
Объективті күнге бағытталған күйде қалдырмаңыз: объективті ұзақ
уақыт бойы күнге немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде
қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсоры жұмысының нашарлауына
əкелуі немесе фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату əсерін тудыруы
мүмкін.
Муар əсері: муар əсері құрамында мата тоқымасының немесе ғимарат
терезелерінің үлгісі сияқты қалыпты, қайталанатын тор бар кескіннің
фотокамераның
кескін сенсоры торымен əрекеттесуінен туындаған
кедергі үлгісі болып табылады. Кейбір жағдайларда ол сызықтар түрінде
көрінуі мүмкін. Фотосуреттерде муар əсерін байқасаңыз, ұлғайтып жəне
кішірейтіп немесе нысан мен фотокамера арасындағы бұрышты, нысанға
дейінгі қашықтықты өзгертіп көріңіз.
Сызықтар: сызықтар түріндегі бұрмалану сирек кездесетін кейбір
жағдайларда өте жарық немесе артқы жағы жанып тұрған нысандардың
суреттерінде көрінуі мүмкін.
Батареялар: дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы немесе жарылуы
мүмкін. Батареяларды пайдаланған кезде мына сақтық шараларын
қолданыңыз:
• Осы жабдықта пайдалану үшін рұқсат етілген батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
• Батареяны отқа салмаңыз немесе шамадан тыс ыстық əсерін
тигізбеңіз.
• Батареяның түйіспе тұстарын таза күйде сақтаңыз.
• Батареяны ауыстырмас бұрын өнімді өшіріңіз.
• Пайдаланбаған
кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау
құрылғысынан шығарыңыз жəне түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.
Бұл құрылғылар өшірулі болғанның өзінде аздаған заряд алып отырады
жəне батарея қуатын батарея қызмет етпейтіндей деңгейге дейін түсіруі
мүмкін. Батареяны белгілі бір уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
оны фотокамераға салып, оны қайта алу жəне қоршаған орта
температурасы 15°C пен 25°C (ыстық
немесе өте салқын жерлерді
таңдамаңыз) аралығындағы жерде сақтамас бұрын қуаты таусылғанша
пайдаланыңыз. Осы əрекетті кем дегенде алты ай сайын бір рет
қайталап тұрыңыз.
• Батарея толық разрядталған кезде фотокамераны қайта-қайта қосу
жəне өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады. Пайдалану
алдында толық разрядталған батареяларды зарядтау керек.
• Пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы
көтерілуі мүмкін.
Ішкі температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау əрекеті оның
тиімділігін төмендетеді жəне батарея зарядталмауы немесе тек
жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтамас бұрын батареяның
салқындауын күтіңіз.