Анықтамалық нұсқаулық

231
n
Толық зарядталғаннан кейін батареяны зарядтауды жалғастыра беру
батарея тиімділігін нашарлатуы мүмкін.
Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған
батарея зарядының белгілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру
қажеттігін білдіреді. Жаңа EN-EL20а батареясын сатып алыңыз.
Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Маңызды шараларда
фотосуреттер түсірген кезде қосалқы EN-EL20а батареясын дайын
жəне толық
зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге қарай
қосалқы батареяларды тез арада сатып алу қиынға соғуы мүмкін.
Салқын күндері батареяның сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін
ескеріңіз. Салқын ауа райында сыртта фотосуреттер түсіру алдында
батареяның толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. Қосалқы батареяны
жылы жерде ұстаңыз жəне екеуін қажетінше ауыстырыңыз.
Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір
бөлігі
қалпына келуі мүмкін.
Пайдаланылған батареялар бағалы ресурс болып табылады; жергілікті
ережелерге сəйкес лақтырыңыз.
D Фотокамераға жəне керек-жарақтарға қызмет көрсету
Фотокамера дəлдікпен істейтін құрылғы болып табылады жəне жүйелі
техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді. Nikon компаниясы
фотокамераны сатып алған жерге немесе Nikon компаниясының қызмет
көрсету өкіліне бір-екі жыл сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын
техникалық қызмет көрсету үшін апаруға кеңес береді (бұл
қызметтердің ақылы екенін
ескеріңіз). Əсіресе, фотокамераны кəсіби
мақсатта пайдалансаңыз, оны жиі тексертіп жəне қызмет көрсетіп
тұрған жөн. Объективтер сияқты фотокамерада жиі пайдаланылатын
керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық
қызмет көрсетуге апарғанда бірге апару қажет.