Анықтамалық нұсқаулық
239
n
Егер фотокамера күтілгендей істемесе, сатып алған жерге
немесе Nikon өкіліне хабарласпас бұрын төменде берілген жиі
кездесетін ақаулардың тізімін қараңыз.
Батарея/дисплей
Ақауларды жою
Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазу немесе кез келген
басқа өңдеу аяқталғанша күтіңіз. Ақаулық қайталанса, фотокамераны
өшіріңіз. Фотокамера сонда да əрекет етпесе, батареяны алып, қайтадан
салыңыз немесе айнымалы ток адаптерін суырып, қайтадан қосыңыз,
бірақ мұның нəтижесінде сақталмаған кез келген деректер өшірілетінін
ескеріңіз. Жад картасына сақталған деректерге əсер етілмейді.
Дисплейлер өшірулі:
•
Фотокамера өшірулі (0 29) немесе батарея таусылған (0 23, 33).
• Нысан көз сенсорына жақын келіп, қосымша көріністапқышты қосылған
жəне мониторды өшкен (0 35).
• Дисплейлер қуатты үнемдеу үшін автоматты түрде өшкен (0 29).
Ысырманы босату түймешігін басып, дисплейлерді қайта іске қосуға
болады.
• Фотокамера компьютерге (0 145) немесе теледидарға (0 148)
жалғанған.
Көріністапқыш фокусталмаған: көріністапқышты диоптрияны реттеу
тетігін
пайдаланып фокустаңыз (0 35).
Фотокамера ескертусіз өшеді:
• Батарея заряды төмен (0 23, 33).
• Дисплей қуатты үнемдеу үшін автоматты түрде өшкен (0 29).
Ысырманы босату түймешігін басып, дисплейді қайта іске қосуға
болады.
• Фотокамераның ішкі температурасы жоғары (0 xvii, 246). Қайта қоспас
бұрын фотокамераның салқындауын күтіңіз.
Индикаторлар көрсетілмейді: $ түймешігін басыңыз (0 6).