Анықтамалық нұсқаулық

240
n
Суретке түсіру (барлық режимдер)
Фотокамераның қосылуына біраз уақыт кетеді: файлдарды өшіріңіз
немесе жад картасын пішімдеңіз.
Ысырманы босату түймешігі ажыратылған:
Батарея заряды таусылған (0 23, 33).
Жад картасы толы (0 33).
Жарқыл зарядталуда (0 107).
Фотокамера фокусталмаған (0 39).
Қазіргі уақытта баяу қозғалысты бейнефильм жазудасыз (0 64).
Үздіксіз суретке түсіру режимінде ысырманы босату түймешігі
басылған сайын тек бір сурет
түсіріледі: үздіксіз режимде I
таңдалған (0 92) жəне жарқыл жарығы пайдаланылған.
Фотокамера автоматты түрде фокустамайды:
Нысан автофокусқа жарамсыз (0 101).
Фотокамера қолмен реттелетін фокус режимінде (0 99, 102).
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустау
құлыпталмайды: фокустау режимі ретінде AF-C таңдалған болса
немесе AF-A режимінде қозғалатын нысандарды фотосуретке түсіріп
жатқанда фокустауды құлыптау үшін A
түймешігін басыңыз (0 99, 216).
Фокустау аумағын таңдау қол жетімді емес: АФ аумағын автоматты
түрде таңдау (0 185) немесе бет басымдығы (0 45) режимінде фокустау
аумағын таңдау қол жетімді емес. Басқа АФ аумағының режимдерінде
фокустау аумағын J түймешігін басу арқылы таңдауға болады.
АФ аумағының режимін таңдау қол жетімді емес: фотокамера
автоматты, шығармашыл (0 50) немесе
ең жақсы сəтті түсіру (0 76)
режимінде, қолмен реттелетін фокус режимі таңдалған (0 99) немесе
h Scene auto selector (Көріністі автоматты түрде таңдау құралы)
пайдаланылған (0 170).
Кескін өлшемін таңдау қол жетімді емес: кескін сапасы ретінде NEF
(RAW) параметрі таңдалған (0 171).
Фотокамера фотосуреттерді баяу жазады: ұзақ экспозиция
бұрмалануын азайту функциясын өшіріңіз (0 180) жəне ISO сезімталдық
үшін (0 201) 6400 (NR) жəне
12800 (NR) параметрлерінен басқа
параметрді таңдаңыз. Шығармашыл режимде HDR немесе Easy
panorama (Оңай панорама) режимі таңдалған кезде фотосуреттерді
жазу үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін (0 53, 54).
Фотосуреттерде бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан
жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар) пайда
болады:
ISO сезімталдықты төмендетіңіз немесе жоғары ISO бұрмалануын
азайтуды қосыңыз (0 208).
1 с-тан
баяуырақ ысырма жылдамдықтарында ұзақ экспозиция
бұрмалануын азайтуды пайдаланыңыз (0 180).