Анықтамалық нұсқаулық
243
n
Wi-Fi (сымсыз желілер)
Өзге мəліметтер
Кескіндерді өшіру мүмкін емес: өшірмес бұрын файлдардан қорғауды
алып тастаңыз (0 159).
Басып шығару үшін фотосуреттерді таңдау мүмкін емес: жад
картасы толы (0 33) немесе фотосуреттер NEF (RAW) пішімінде. NEF
(RAW) пішіміндегі фотосуреттерді басып шығару үшін суреттерді
компьютерге көшіріп, бірге жеткізілген бағдарламалық жасақтаманы
немесе Capture NX 2 бағдарламасын пайдаланыңыз (0 145).
Суреттер теледидарда көрсетілмейді: фотокамера дұрыс қосылмаған
(0 148).
Суреттерді компьютерге
көшіру мүмкін емес: жүйе 143-бетте
көрсетілген талаптарға сəйкес келмесе, суреттерді компьютерге жады
картасын оқу құралын пайдаланып көшіруге болады.
Фотосуреттер Capture NX 2 бағдарламасында көрсетілмейді: ең
соңғы нұсқасына жаңартыңыз (0 223).
Смарт құрылғылар фотокамераның SSID идентификаторын
(желілік атауы) көрсетпейді:
• Фотокамера Wi-Fi функциясын қолдайтынын тексеріңіз (0 120).
• Смарт құрылғының Wi-Fi функциясын өшіріп, қайтадан қосып көріңіз.
Жазылған күні дұрыс емес
: фотокамера сағатын орнатыңыз (0 31,
218).
Мəзір элементтері қол жетімді емес: кейбір параметрлер тек белгілі
баптауларда (0 232) немесе жад картасы салынған кезде қол жетімді
болады (0 24).