Анықтамалық нұсқаулық
257
n
1 NIKKOR объективтері тек Nikon 1 өзара ауыспалы объектив
пішіміндегі сандық фотокамераларға арналған. Көрініс бұрышы
фокустық қашықтығы шамамен 2,7 × жоғары 35 мм пішіміндегі
объективке тең. 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM
дірілді азайтуға қолдау көрсетеді. Оны фотокамера
мəзірлеріндегі Optical VR (Оптикалық ДА) параметрін
пайдаланып реттеуге болады (0 183).
Ұлғайту жəне кішірейту үшін масштабтау сақинасын
пайдаланыңыз (0 45).
A Объективке күтім жасау
• Микропроцессор түйіспелерін таза күйде сақтаңыз.
• Объектив үстіндегі тозаң мен ұлпаны кетіру үшін ауа үргішті
пайдаланыңыз. Дақтар мен саусақ іздерін кетіру үшін жұмсақ, таза
мақталы шүберекке немесе объектив тазалайтын матаға аздаған
этанол немесе объективті тазалау сұйықтығын құйыңыз жəне
айналмалы қозғалыс жасай отырып, ортасынан шеттеріне қарай
тазалаңыз, жарқыраған іздер
қалдырмауға немесе əйнекті саусақпен
ұстамауға тырысыңыз.
• Объективті тазалау үшін бояу сұйылтқышы немесе бензол сияқты
органикалық ерітінділерді мүлдем пайдаланбаңыз.
• Объективтің алдыңғы элементін қорғау үшін бленданы немесе NC
сүзгісін пайдалануға болады. Қосымша бленданы пайдаланған кезде
объективті немесе фотокамераны тек блендасын ұстап көтермеңіз
немесе ұстамаңыз. 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM үшін
блендалар жəне сүзгілер қол жетімді емес.
•
Объективті пайдаланбаған кезде артқы қақпағын жауып, объективтің
ішке қарай жиналғанын жəне қақпағының жабылғанын тексеріңіз
(1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM) немесе алдыңғы
қақпағын жабыңыз (басқа объективтерде).
• Объективті ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, зең жəне
тоттанудың пайда болмауы үшін оны салқын əрі құрғақ жерде
сақтаңыз. Оны күн түсетін немесе нафталиннен немесе камфарадан
жасалған дөңгелектер бар жерде
сақтамаңыз.
• Объективті құрғақ күйде сақтаңыз. Ішкі механизмнің тоттануы
жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
• Объективті өте ыстық жерлерде қалдыру қатты пластмассадан
жасалған бөлшектерді зақымдауы немесе деформациялауы мүмкін.
• 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM пайдаланылған кезде
объектив қақпағына қол тигізбеңіз. Бұл сақтық шараны орындамау
өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.