Анықтамалық нұсқаулық
259
n
❚❚ Қосымша FT1 орнату адаптері
Қосымша FT1 орнату адаптерін пайдалану туралы ақпарат алу
үшін осы бөлімді оқыңыз. Пайдалану алдында осы нұсқаулықты
жəне FT1 мен объективтердің құжаттамасын міндетті түрде
оқып шығыңыз.
Автофокус
Автофокус тек AF-S объективтерінде қол жетімді; басқа
объективтер тек қолмен реттелетін фокусқа қолдау көрсетеді.
Фотокамераның фокустау режимін AF-S немесе AF-C деп
орнатыңыз. Қол жетімді жалғыз
АФ аумағының режимі —
Single-point (Жалғыз нүкте) жəне фотокамера нысанды тек
орталық фокустау аумағында фокустайды. Бет басымдығына
қолдау көрсетілмейді. Кейбір жағдайларда дыбыстық сигнал
ойнап, фокустау күйінің индикаторы пайда болып, фотокамера
фокуста болмаған кезде суретке түсіруге болады; бұл жағдайда
қолмен фокустаңыз.
Қолмен реттелетін фокус
NIKKOR F бекіткіші бар объективте FT1 пайдаланған кезде
қолмен фокустау үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1 Қолмен реттелетін фокус параметрін таңдаңыз.
1 (%) түймешігін басып, фокустау режимінің
параметрлерін көрсетіңіз, содан кейін MF параметрін
белгілеп, J түймешігін басыңыз.
2 Фокустаңыз.
Нысан фокусқа енгенше объективтің
фокустау сақинасын бұраңыз.