Анықтамалық нұсқаулық
260
n
AF-S немесе AF-C параметрі Focus mode (Фокустау
режимі) үшін таңдалса жəне объектив қолмен қосымша
реттеуге болатын автофокустауға қолдау көрсетсе,
автофокуспен фокустап, содан кейін ысырманы босату
түймешігін жартылай басып тұрып, объективтің фокустау
сақинасын қолмен дəлірек фокустау үшін бұраңыз.
Автофокуспен қайта фокустау үшін ысырманы босату
түймешігін қайта жартылай басыңыз.
Дəлірек фокустау мақсатында
дисплейді ұлғайту
үшін J түймешігін
басыңыз (бұл мүмкіндіктің
бейнефильмді жазу немесе баяу
қозғалысты бейнефильм режимінде
қол жетімді емес екенін ескеріңіз).
Дисплейдің төменгі оң жағында сұр
түсті жақтаудағы шарлау терезесі
пайда болады.
Шарлау терезесі
10× дейін ұлғайтулардан таңдау үшін
басты басқару дискін бұраңыз жəне
дисплейде көрінбейтін кадр
аумақтарына жүгірту үшін мульти
селекторды пайдаланыңыз. Шығу
үшін J түймешігін басыңыз.
Басты басқару дискі