Анықтамалық нұсқаулық

262
n
Шектеулер
Автоматты жəне ең жақсы сəтті түсіру режимдеріне қолдау
көрсетілмейді.
Motion Snapshot лездік суреттерін тек AF-S объективі
орнатылған жəне фотокамера автофокус режимінде болса, əрі
тек нысан фокуста болса жазуға болады. Фокустау сақинасы
арқылы фокусты реттеуге əрекеттенбеңіз.
Электрондық ысырмада 1 с немесе баяуырақ ысырма
жылдамдығы қол жетімді емес (0 212).
Дыбыс мониторының ажыратқышының жəне фокустау
əрекетінің түймешігінің (фокустау құлпы/ЖАДТАН ШАҚЫРУ/
АФ бастау) əсері жоқ.
Пайдалануға қатысты сақтық шаралар
380 г-нан асатын объективтерді əрқашан тіреп қою қажет.
Объективті тіреп қоймай фотокамераны ұстамаңыз немесе
фотокамераны бауын ұстап тасымалдамаңыз. Бұл сақтық
шара орындалмаса, фотокамераның объектив жиектемесі
зақымдалуы мүмкін.
Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер арқылы
минималды апертурамен түсірілген фотосуреттерде
сызықтар
пайда болуы мүмкін.
Бейнефильмді жазу кезінде объектив шығаратын дыбыстарды
микрофон жазып алмауы үшін v немесе w режимін таңдаңыз.
Үздіксіз суретке түсіру режимінде I таңдалған кезде, кадр
жылдамдықтары төмендеуі мүмкін.
Кейбір объективтер АФ қосымша шамын жəне кейбір
қашықтықтарда жарқылды бұғаттайды.
Максималды апертурасы f/1.4 объективтер арқылы кең
апертураларда жасалған дөңгелек бұлыңғыр
жарық
пішіндердің жоғарғы жəне төменгі жақтары көрінбей қалуы
мүмкін.