Анықтамалық нұсқаулық

263
n
❚❚ Қолдауға ие стандарттар
DCF 2.0 нұсқасы: Design Rule for Camera File Systems
(Фотокамераның файлдық жүйесіне арналған жобалық ереже)
(DCF) фотокамералардың түрлі маркалары арасында
үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін сандық фотокамера
саласында кең пайдаланылатын стандарт болып табылады.
•DPOF: Digital Print Order Format (Сандық баспаға тапсырыс
беру пішімі) (DPOF) суреттерді жад картасында сақталған
баспа реттерінен басып шығару мүмкіндігін беретін саладағы
кең қолданылатын
стандарт болып табылады.
Exif 2.3 нұсқасы: фотокамера Exif (Exchangeable Image File
Format for Digital Still Cameras (Сандық фотоаппаратқа
арналған кескін файлдарының өзара алмасымды пішімі)) 2.3
нұсқасына қолдау көрсетеді, бұл стандарт бойынша
суреттермен бірге сақталған мəлімет, кескіндер Exif
стандартымен үйлесімді принтерлерде шығарылған кезде,
оңтайлы түс репродукциясы үшін пайдаланылады.
•PictBridge: сандық фотокамера жəне принтер шығару
салаларының бірлестігі арқасында пайда болған жəне
суреттерді
компьютерге көшірместен тікелей принтерге
жіберуге мүмкіндік беретін стандарт.
•HDMI: High-Definition Multimedia Interface HDMI үйлесімді
құрылғыларға бір кабельдік қосылым арқылы дыбыстық-бейне
деректерді жəне басқару сигналдарын тарата алатын
тұрмыстық электроника жəне дыбыс/бейне құрылғыларында
пайдаланылатын мультимедиалық интерфейстерге арналған
стандарт болып табылады.