Анықтамалық нұсқаулық
265
n
Батареяның жарамды мерзімі
Толық зарядталған батареялармен түсіруге болатын
түсірілімдердің немесе бейнефильмдердің түсірілген
бөліктерінің саны батареяның күйіне, температураға,
түсірілімдер арасындағы аралыққа жəне мəзірлер көрсетілетін
уақыт ұзақтығына қарай əр түрлі болады. EN-EL20а (1110 мАс)
батареялары үшін сандардың үлгілері төменде берілген.
• Фотосуреттер: шамамен 310 түсірілім
• Бейнефильмдер: шамамен 75 минут, 1080/60p
ажыратымдылығымен
Фотокамераның əдепкі баптауларымен, толық зарядталған
батареямен, 1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM
объективімен жəне 16 ГБ SanDisk SDSDQXP-016G-J35 UHS-I
microSDHC картасымен CIPA стандарттарына сəйкес 23 ±3 °C-
та өлшенген. Төмендегі сынақ жағдайларында фотосуреттер
үшін алынған мəн: кірістірілген жарқыл əрбір екінші түсірілімде
жанып, фотокамера əрбір он түсірілімнен кейін өшіріліп, қайта
қосылып, 30 секундтық аралықтармен фотосуреттер түсірілген.
Төмендегі сынақ жағдайларында бейнефильмдер үшін
алынған мəн: файл өлшемі 4 ГБ-
қа дейінгі 10 минуттық
бейнефильмдер топтамасы жазылды; температура туралы
ескерту пайда болған кезде ғана жазу үзіледі.
Келесі əрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы
мүмкін:
•
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған күйде ұстап тұру
• Автофокус əрекеттерін қайталай беру
• NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді түсіру
• Ысырманың баяу жылдамдықтары
• Wi-Fi функциясын пайдалану
• ДА объективтерінде дірілді азайту режимін пайдалану
• Электр жетекті масштабтау объективтерінде масштабтауды
пайдалану
• Көріністапқыштарды, тұтқаларды, жарқыл бөліктерін немесе
GPS құрылғыларын пайдалану
Қайта зарядталмалы Nikon EN-EL20а батареяларын барынша
пайдалану үшін:
• Батарея түйіспелерін таза күйде сақтаңыз. Ластанған
түйіспелер батарея тиімділігін нашарлатуы мүмкін
.
• Зарядтағаннан кейін батареяларды дереу пайдаланыңыз.
Батареялар пайдаланылмаса зарядын жоғалтады.