Анықтамалық нұсқаулық

25
s
D Батареяларды жəне жад карталарын салу жəне алып тастау
Батареяларды немесе жад карталарын салу немесе алу алдында
фотокамераны əрдайым өшіріңіз. Пайдаланылғаннан кейін батарея
мен жад карталары ыстық болуы мүмкін екенін ескеріңіз; батареяны
жəне жад карталарын алған кезде абай болыңыз.
A Батареяларды алу
Батареяны алыңыз, фотокамераны
өшіріңіз жəне батарея бөлімінің қақпағын
ашыңыз. Батарея ілмегін көрсеткі
көрсететін бағытта басып батареяны
босатыңыз, содан кейін батареяны қолмен
алыңыз.
D Батарея жəне зарядтау құрылғысы
Осы нұсқаулықтың xi–xiii жəне 228–231-беттерінде берілген
ескертулер мен сақтық шараларын оқып, оларды орындаңыз.
БатареяныC-тан төмен немесе 40°C-тан жоғары қоршаған орта
температурасында пайдаланбаңыз; бұл сақтық шарасы
орындалмаса, батарея зақымдалуы немесе оның өнімділігі
төмендеуі мүмкін. Температурасы 0°C–10°C жəне 45°C–60°C
аралықтарында болған кезде батареяның сыйымдылығы азаюы
жəне зарядтау уақыты артуы мүмкін; температурасы 0°C-
тан төмен
немесе 60°C-тан жоғары болса, батарея зарядталмайды.
Батареяны қоршаған орта температурасы 5°C-тан 35°C аралығында
болған кезде зарядтаңыз. Зарядтау барысында CHARGE шамы
жылдам жыпылықтаса, пайдалануды дереу тоқтатып, батарея мен
зарядтау құрылғысын сатып алған жерге немесе Nikon
компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын қозғамаңыз немесе
батареяны ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау
кей
жағдайда батарея жартылай зарядталған кезде зарядтау
құрылғысының зарядтаудың аяқталғанын көрсетуіне əкелуі мүмкін.
Зарядтауды қайта бастау үшін батареяны алып, қайта салыңыз.
Зарядтау құрылғысын үйлесімді батареялармен ғана
пайдаланыңыз. Пайдаланбаған кезде розеткадан ажыратыңыз.