Анықтамалық нұсқаулық
26
s
A Жад карталарын пішімдеу
Жад картасын фотокамераға ең бірінші
рет салып пайдаланып отырсаңыз немесе
жад картасы басқа құрылғыда
пішімделген болса, картаны пішімдеу үшін
баптау мəзіріндегі Format memory card
(Жад картасын пішімдеу) пəрменін
таңдап, дисплейдегі нұсқауларды
орындаңыз (0 211). Мұның нəтижесінде
жад картасында болуы мүмкін деректер
біржола өшірілетінін ескеріңіз.
Жалғастыру алдында сақтағыңыз келетін
барлық фотосуреттерді жəне
басқа
деректерді компьютерге көшіріп алуды
ұмытпаңыз.
A Жад карталарын алу
Фотокамераны өшіріңіз, жад картасына
қатынасу шамының өшкеніне көз
жеткізіңіз, содан кейін жад картасының
ұяшығы/жалғағыш қақпағын ашыңыз,
сөйтіп шығару үшін картаны ішке басыңыз
(q). Содан кейін картаны қолмен алуға
болады (w). Картаны алып жатқанда
фотокамерадан ыршып кетпес үшін абай
болыңыз.
D Жад карталары
• Пішімдеу барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе
компьютерге көшіріліп жатқан кезде жад карталарын
фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат
көзінен суырмаңыз немесе ажыратпаңыз. Бұл сақтық шараларын
орындамау деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның
немесе жад картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Жад картасының түйіспелерін саусақтармен немесе металл
заттармен ұстамаңыз.
• Имеңіз, түсіріп
алмаңыз немесе қатты соққылардың əсерін
тигізбеңіз.
• Карта қабына күш қолданбаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау
картаны зақымдауы мүмкін.
• Судың, ыстықтың, жоғары ылғалдылық деңгейлерінің немесе тік
күн сəулелерінің əсерін тигізбеңіз.
• Жад карталарын компьютерге салып пішімдемеңіз.