Анықтамалық нұсқаулық

29
s
6 Фотокамераны қосыңыз.
Фотокамераны қосу үшін қуат
ажыратқышын бұраңыз. Қуат шамы аз
уақыт жасыл түсті болып жанады да,
монитор қосылады. Егер объектив
алдыңғы объектив қабымен
жабдықталған болса, суретке түсіру
алдында қапты алыңыз. 1 NIKKOR VR
10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM объективі
бекітілген болса, фотокамера қосылған
кезде объектив автоматты түрде
созылады да, фотокамера өшірілгенде
ішке қарай жиналады.
A Фотокамераны өшіру
Фотокамераны өшіру үшін қуат ажыратқышын қайта бұраңыз.
Монитор өшеді.
A Автоматты өшу
Егер шамамен бір минуттай ешбір əрекет орындалмаса,
дисплейлер өшеді жəне қуат шамы жыпылықтай бастайды (қажет
болса, дисплейлер автоматты түрде өшкенге дейінгі кешігуді баптау
мəзіріндегі Auto power off (Автоматты өшу) параметрі арқылы
өзгертуге болады; 0 213). Ысырманы босату түймешігін пайдалана
отырып фотокамераны қайта іске қосуға болады. Дисплейлер
өшкеннен кейін шамамен үш минуттай ешбір
əрекеттер
орындалмаса, фотокамера автоматты түрде өшеді.
A Объективтерді бекіту жəне алып тастау
Объективтерді бекіту немесе алу алдында фотокамераны өшіріңіз.
Фотокамера өшірілген кезде объективтегі сенсорды қорғау пердесі
жабылып, фотокамераның кескін сенсорын қорғайтынын ескеріңіз.
A Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешіктері бар
объективтер
Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес құлпы босатылған кезде
фотокамера автоматты түрде қосылады; сонымен қатар, объектив
арқылы алынған көрініс көрсетілсе немесе монитор өшірілген болса,
объективтің бөшке іспеттес түймешігі құлыпталған кезде фотокамера
өшеді (1 NIKKOR VR 10–30 мм f/3.5–5.6 жəне 1 NIKKOR VR 30–110 мм
f/3.8–5.6 объективтері жағдайында монитор өшірілген кезде объективтің
бөшке іспеттес түймешігін құлыптау фотокамераны өшіру үшін
пайдаланылса, бағдарлама жасақтамасының 1.10 немесе
одан кейінгі
нұсқасы қажет болады; объективтің бағдарлама жасақтамасын жаңарту
туралы ақпарат алу үшін аймағыңыздағы Nikon веб-сайтына кіріңіз).