Анықтамалық нұсқаулық
35
s
3 Көріністапқышты бекітіңіз.
Фотокамера өшірулі екеніне көз
жеткізгеннен кейін сигнал түйіспесін
бірнеше керек-жараққа арналған
портына бекітілгенше сырғытыңыз.
D Көріністапқышты пайдалану
Пайдаланылмаған кезде көріністапқышты ажыратыңыз. Егер
көріністапқыш бекітілген болса, тасымалдау кезінде немесе қапқа
салған кезде фотокамераға əсер етуі мүмкін соққылар мен діріл
фотокамераны немесе көріністапқышты зақымдауы мүмкін.
Көріністапқышты алу үшін фотокамераның өшірулі екеніне көз
жеткізіңіз, содан кейін ілмекті босату түймешіктерін басып тұрып,
көріністапқышты бірнеше керек-жараққа арналған порттан
ажыратыңыз.
Көріністапқышты
сигнал түйіспесіне тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау өнімнің дұрыс жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін.
A Көріністапқышты пайдалану
Қоршаған ортадағы қатты жарық жағдайлары мониторда дисплейді
көруді қиын етсе, көріністапқышты пайдаланыңыз. Көріністапқышты
көзіңізді əкелгенде көз сенсоры көріністапқышты қосады жəне
мониторды өшіреді (сенсор көздерге ғана реакция көрсетпейтінін
ескеріңіз; мониторды пайдаланғанда саусақтарды жəне басқа
заттарды сенсордан ары ұстаңыз). Сондай-ақ, келесі дисплей
параметрлері арасында ауысу үшін дисплейді таңдау түймешігін
пайдалануға болады: дисплейді
автоматты түрде таңдау (
Eye
sensor on (Көз сенсоры қосулы)
); көріністапқыш қосулы, монитор
өшірулі (
Eye sensor off (көз сенсоры өшірулі)
); жəне монитор
қосулы, көріністапқыш өшірулі. Көз сенсоры фотокамера қосылған
сайын автоматты түрде қайта қосылады. Көріністапқыш қосулы кезде
индикаторларды көру немесе жасыру үшін
$
түймешігін
пайдалануға болады (
0
6).
A Көріністапқыш фокусы
Егер көріністапқышта көрсетілетін
белгішелер жəне басқа индикаторлар
бұлдырап көрінсе, диоптрияны реттеу
тетігін дисплей анық фокустағанша
бұраңыз. Көріністапқышқа көзді
жақындатып басқару тетігін
пайдаланғанда саусақтарды немесе
тырнақтарды көздеріңізге кіргізіп алмаңыз.