Анықтамалық нұсқаулық
44
z
A Ысырманы босату түймешігі
Фотокамераның екі сатылы ысырманы босату түймешігі бар.
Фотокамера ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде
фокустайды. Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін
соңына дейін басыңыз.
Фокустау: жартылай
басыңыз
Суретке түсіру:
соңына дейін басыңыз
A Қатарынан бірнеше фотосурет түсіру
Қарау мəзірінде Image review (Кескінді тексере қарау) үшін
Off (Өшірулі) күйі таңдалған болса (0 159), суреттер арасында
ысырманы босату түймешігін жартылай басып тұру арқылы қайта
фокустамай қосымша фотосуреттер түсіруге болады.
A Көріністі автоматты түрде таңдау
Автоматты режимде фотокамера нысанды
автоматты түрде талдайды да, тиісті көріністі
таңдайды. Таңдалған көрініс мониторда
көрсетіледі.
Көрініс белгішесі
c Портрет: адам портреттік нысандар.
d Пейзаж: пейзаждар жəне қала көріністері.
f
Түнгі портрет: қараңғы артқы фондарда жақтауға алынған
портреттік нысандар.
e Жақыннан түсіру: фотокамераға жақын нысандар.
g
Түнгі пейзаж: нашар жарықтандырылған пейзаждар жəне қала
көріністері.
Z Автоматты: жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын нысандар.