Анықтамалық нұсқаулық

45
z
A Масштабтау объективін пайдалану
Нысан кадрдағы үлкендеу аумақты толтыратындай ұлғайту немесе
түпкілікті фотосуреттегі көрінетін аумақты көбейту мақсатында
кішірейту үшін масштабтау сақинасын пайдаланыңыз. 1 NIKKOR VR
10–30 мм f/3.5–5.6 PD-ZOOM көмегімен бейнефильм жазу барысында
сақинаны айналдыру жылдамдығы масштабтау жылдамдығына əсер
етпейді.
Ұлғайту
Кішірейту
Масштабтау сақинасы
1 NIKKOR VR 10–100 мм f/4.5–5.6 PD-ZOOM
объективін пайдаланып жатсаңыз (бөлек
сатылады), электр жетекті масштабтау тетігін
ұлғайту үшін T, кішірейту үшін
W күйіне
сырғытыңыз. Фотокамераның ұлғайту жəне
кішірейту жылдамдығы ажыратқышты
сырғыту қашықтығына қарай əр түрлі
болады. Масштабтау күйі дисплейдегі
масштабтау бағыттағышы арқылы
көрсетіледі.
Масштабтау
бағыттағышы
A Бет басымдығы
Фотокамера портреттік нысандарды
анықтайды жəне фокустайды (бет
басымдығы). Фотокамераға қарап тұрған
портреттік нысан анықталса, қос сары жиек
көрсетіледі (егер бірнеше, ең көбі беске
дейін, бет анықталса, фотокамера ең жақын
нысанды таңдайды). Қос сары жиектегі
нысанды фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай
басыңыз. Фотокамера нысанды анықтай алмаса, жиек дисплейден
жоғалады (
себебі, мысалы, нысан басқа жаққа қараса).
A Қол жетімді баптаулар
Автоматты режимде қол жетімді параметрлер туралы ақпарат алу үшін
232-бетті қараңыз.