Анықтамалық нұсқаулық
52
z
Шығармашыл палитра
Шығармашыл əсерді таңдау үшін мульти селекторды бұраңыз
немесе мониторда шығармашыл палитраны бұру үшін саусақты
пайдаланыңыз. Таңдалған əсер мониторда көрінеді жəне
палитраны бұрағанда біртіндеп өзгереді.
Таңдалған əсермен суретті түсіру үшін ысырманы босату
түймешігін соңына дейін басыңыз (шығармашыл палитра
көрсетілгенде нұқып суретке түсіру параметрлері қол жетімді
емес; шығармашыл палитраны көру немесе жасыру үшін
4
түймешігін нұқыңыз). Кірістірілген жарқылды жəне қосымша
жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес.
A Көріністі анықтау
Фотокамера нысанға жəне жағдайға сəйкес баптауларды автоматты
түрде реттейді. Қол жетімді əсерлер анықталған нысан түріне
байланысты əр түрлі болады. Палитраны қалпына келтіру үшін J
түймешігін басыңыз немесе шығармашыл палитра көрсетіліп тұрғанда
Reset (Қалпына келтіру) пəрменін нұқыңыз.