Анықтамалық нұсқаулық
53
z
HDR
Жарық аумақтардағы жəне күңгірт аумақтардағы кішігірім
элементтер HDR (жоғарғы динамикалық ауқым) арқылы
сақталады. Ысырманы босату түймешігі толық басылған сайын
фотокамера жылдам тізбекте екі түсірілім жасайды жəне
контрасты жоғары көріністердің жарық аумақтарындағы жəне
күңгірт аумақтарындағы кішігірім элементтерді сақтау үшін
оларды біріктіреді; кірістірілген жарқыл жəне қосымша жарқыл
бөліктері жанбайды. Суреттерді өңдеу үшін біраз уақыт
қажет
болуы мүмкін; түпкілікті фотосурет өңдеу аяқталғаннан кейін
көрсетіледі.
+
Бірінші экспозиция
(қараңғылау)
Екінші экспозиция
(ашықтау)
Біріктірілген HDR
кескіні
D HDR фотосуреттерін жақтауға алу
Кескін жиектері кесіледі. Суретке түсіру кезінде фотокамера немесе
нысан қозғалса, қажет нəтижелер алынбауы мүмкін. Көрініске қарай
көлеңке бірқалыпты болмай, ашық нысандар айналасында көлеңкелер
немесе қараңғы нысандар айналасында жарық көрінуі мүмкін.