Анықтамалық нұсқаулық
68
y
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Бейнефильмдерден керексіз түсірілген бөлікте кадр шеттерін кесу
туралы ақпарат алу үшін 163-бетті қараңыз. HD бейнефильмдерінде
қол жетімді кадр өлшемі жəне бейнефильм түсіру кезіндегі кадр
жылдамдығы параметрлері туралы ақпаратты 192-беттен қараңыз.
D Бейнефильмдерді жазу
Жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану флюоресцентті, сынапты
немесе натрийлі шамдар астында немесе фотокамера көлденең
панорамаланса немесе нысан жақтау арқылы жоғары жылдамдықпен
қозғалса дисплейде жəне түпкілікті бейнефильмде көрінуі мүмкін
(217-бетте сипатталған жергілікті айнымалы ток қуат көзінің жиілігіне
сəйкес келетін Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) параметрін
таңдап, бейнефильмдердегі жыпылықтау мен жолақтарды азайтуға
болады, бірақ
қол жетімді ысырманың ең баяу жылдамдығы 50 Hz
(50 Гц) жиілігінде
1
/
100 с, 60 Hz (60 Гц) жиілігінде
1
/
60 с болатынын
ескеріңіз; жыпылықтауды азайту баяу қозғалысты бейнефильмдерде
қол жетімді емес). Фотокамераның панорамалануы кезінде қатты жарық
көздері қалдық кескіндерді қалдыруы мүмкін. Тілінген шеттер, түстердің
бұрмалануы, муар əсері жəне жарық дақтар да пайда болуы мүмкін.
Бейнефильмдерді жазған кезде фотокамераны күнге немесе өзге қатты
жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шараны орындамау
фотокамераның
ішкі тізбегінің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Бейнефильмді жазу кезінде немесе фотокамера кеңейтілген
бейнефильм режимінде болса, кірістірілген жарқыл жəне қосымша
жарқыл бөліктері жанбайды.