Анықтамалық нұсқаулық
72
#
v Aperture-Priority Auto (Апертура басымдығы бар
автоматты режим)
Апертура басымдығы бар автоматты режимде апертураны
таңдайсыз, ал фотокамера оңтайлы экспозицияны беретін
ысырма жылдамдығын автоматты түрде таңдайды. Үлкен
апертуралар (төмен f сандары) анық түсірілетін кеңістік
тереңдігін азайтып, негізгі нысанның арты мен алдындағы
нысандарды бұлдыратады. Кішкентай апертуралар (жоғары f
сандары) анық түсірілетін кеңістік тереңдігін арттырып, артқы
фон мен алдыңғы фондағы кішігірім элементтерді анығырақ етіп
көрсетеді. Қысқа анық түсірілетін кеңістік тереңдіктері əдетте
портреттерде артқы фондағы кішігірім элементтерді бұлдырату,
пейзаждық фотосуреттердегі үлкен анық түсірілетін кеңістік
тереңдіктері алдыңғы фон пен артқы фонды фокусқа алу үшін
пайдаланылады.
❚❚ Апертураны таңдау
Апертура қосымша басқару дискін бұрау
арқылы таңдалады: объектив үшін ең аз
жəне ең көп мəндердің арасынан
таңдаңыз.
Үлкен апертура (f/5.6) Кішкентай апертура (f/16)
Қосымша басқару дискі