Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
163
Ақауларды жою
Ойнату
Фотокамера ақ түс балансын өлшей алмайды: нысан тым күңгірт немесе
тым жарық.
Кескіндерді алдын-ала орнатылған ақ түс балансы үшін көз ретінде
таңдау мүмкін емес: қарастырылып отырған кескіндер фотокамераның басқа
үлгісімен жасалған.
Ақ түс балансының брекетингі қолжетімсіз:
NEF (RAW) немесе NEF + JPEG кескін сапасының параметрі кескін сапасы
үшін таңдалған.
Бірнеше экспозиция немесе HDR (жоғары динамикалық ауқ
ым) арқылы
фотосурет
түсіру қосулы.
Picture Control режимдерінің əсерлері əр кескінде əр түрлі болады: Set
Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін Auto (Автоматты)
таңдалған, Auto (Автоматты) күйіне негізделген Picture Control режимі
таңдалған, я болмаса Quick sharp (Жылдам анық ету), контраст немесе
қанығуы үшін A (автоматты) мəні таңдалған. Фотосуреттер сериясында
үйлесімді нəтижелерге қол жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз.
Ө
лшеуді
өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қолданылып тұр.
Экспозиция түзетілімін пайдалану мүмкін емес: P, S немесе A режимін
таңдаңыз.
Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (түсті дақтар немесе басқа
бұрмаланулар) көрінеді: ұзақ экспозиция бұрмалануын азайтуды қосыңыз.
АФ қосымша шамы жанбайды:
a12 (Built-in AF-assist illuminator (Кірістірілген АФ қосымша шамы))
қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
Бейнефильм режи
мінде,
я болмаса AF-C немесе MF фокустау режимі
таңдалса, шам жанбайды.
Бейнефильмдерде дыбыс жазылмайды: бейнефильм түсіру мəзірінде
Microphone sensitivity (Микрофон сезімталдығы) үшін Microphone off
(Микрофон өшірулі) мəні таңдалған.
NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер ойнатылмайды: суреттер NEF + JPEG
кескін сапаларымен түсірілген.
Фотокамера басқа фотокамералармен жазылған суреттерді көрсетпейді:
басқа фотокамера маркасымен түсірілген суреттер дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Ойнату кезінде ке
йбір фотосуреттер көрсетілмей
ді: Playback folder
(Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) мəнін таңдаңыз.
«Тік» (портреттік) бағдардағы фотосуреттер «кең» (пейзаждық) бағдарда
көрсетіледі:
Ойнату мəзірінде Rotate tall (Тік суреттерді бұру) үшін On (Қосулы) күйін
таңдаңыз.
Фотосуреттер кескінді тексере қарау режимінде көрсетіледі.
Фотосурет түсірілген кезде фотокамера жоғары немесе төмен бағытталған.