Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
188
Техникалық ескертпелер
Сымсыз
қашықтан
басқару
бөліктері
WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі/WR-T10
сымсыз қашықтан басқару бөлігі: қосымша керек-жарақ
жалғағышына WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі
жалғанған болса, фотокамераны WR-T10 сымсыз
қашықтан басқару бөлігін пайдаланып сымсыз басқаруға
болады (WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігін
жалғанған кезде қосымша керек-жарақ жалғағышының əрі
USB жəне HDMI жалғағыштарының қақпағы толығымен
ашық екенін тексеріңіз). Сондай-ақ WR-R10 сымс
ыз
қашы
қтан басқару бөлігін радиомен басқарылатын жарқыл
бөліктерін басқару үшін пайдалануға болады. Бірнеше
фотокамераны синхрондалған босату үшін жалғанған
WR-R10 қашықтан басқару бөліктерімен жұптастырылған
бірнеше фотокамераны дайындаңыз.
•WR-1 сымсыз қашықтан басқару бөлігі: WR-1 бөліктері
WR-R10 немесе WR-T10 сымсыз қашықтан басқару
бөліктерімен бірге немесе басқа WR-1 қашықтан басқару
бөліктерімен бірге пайдаланылады (WR-1 бөліктері
таратқыштар немесе қабылдағыштар ретінде жұмыс
істейді). Тарат
қыш ретінде WR-1 құрылғ
ысын
фотокамераның қосымша керек-жарақ жалғағышына
қосылған қабылдағышқа (WR-R10 немесе екінші WR-1)
жіберілетін сигналдар арқылы фотокамераны басқару
жəне суреттер түсіру үшін пайдалануға болады, ал
қабылдағыш ретінде ол WR-T10 сымсыз қашықтан басқару
бөлігінен немесе бөлек WR-1 таратқышынан қашықтағы
пəрмендерді қабылдайды.
Ескертпе: WR-R10 жəне WR-1 бағдарлама жасақтамасы
соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз (WR-R10
бағдарлама жасақтамасының 3.0 немесе одан кей
інгі
нұсқасы жəне WR-1
бағдарлама жасақтамасының 1.0.1
немесе одан кейінгі нұсқасы). Бағдарлама жасақтамасының
жаңартымдары туралы ақпаратты аумағыңызға арналған
Nikon веб-сайтынан қараңыз. WR-R10 сымсыз қашықтан
басқару бөлігінің бағдарлама жасақтамасын 2.0 нұсқасынан
бұрынғы нұсқалардан 3.0 немесе одан кейінгі нұсқаға
жаңарту кезінде Nikon компаниясының қызмет көрсету
өкілімен кеңесіңіз.
Көріністапқыш
окулярының
керек-жарақтары
DK-29 резеңке көзүсті қалқаны: DK-29 көріністапқыштағы
кескінді көруді оңайырақ етіп, көздің шаршауын
болдырмайды.