Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
201
Техникалық ескертпелер
Мониторға жəне көріністапқышқа қатысты ескертпелер: бұл
дисплейлер өте жоғары дəлдікпен жасалған; нүктелерінің кемінде
99,99%-ы жұмыс істейді, 0,01%-дан көп емес бөлігі жетіспейді немесе
ақаулы болып табылады. Сондықтан, бұл дисплейлердің құрамында
үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі сөндірулі
(қара) тұратын нүктелер бар болуы мүмкін болғанымен, бұл ақаулық
емес жə
не құрылғы жазатын кескіндерг
е əсер етпейді.
Монитордағы кескіндерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.
Мониторды күшпен баспаңыз, себебі оған зақым келуі немесе ақау пайда
болуы мүмкін. Шаңды немесе тозаңды ауа үргішпен кетіруге болады.
Дақтарды жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен ақырын сүртіп
кетіруге болады. Монитор сынып қалса, əйнек сынықтарынан жарақат
алмау жə
не монитордағы сұ
йық кристалл теріге тимеуі немесе көз бен
ауызға кіріп кетпеуі үшін сақ болу қажет.
Көріністапқышта суреттерді жақтауға алу кезінде өзіңізді нашар
сезінсеңіз немесе келесі белгілердің кез келгені болса, күйіңіз
жақсарғанша пайдалануды тоқтатыңыз: жүрек айну, көздердің ауыруы,
көздердің шаршауы, бас айналу, бас ауыруы, мойындағы немесе
иықтардағы ауыру, көлікте басы ай
налу немесе қол-көз ко
ординациясын
жоғалту. Қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіру барысында түсіру
режимінің дисплейінің жыпылықтауы тез қосылуы жəне өшірілуі кезінде
өзіңізді нашар сезінсеңіз де пайдалануды тоқтатыңыз.
Жарық шамдарды немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды
қамтитын суреттерде сирек жағдайларда сызықтар түріндегі бұрмалану
көрінуі мүмкін.
Батарея жəне зарядтау құрылғысы: дұрыс пайдаланылмаса,
батареялар ағуы немесе жарыл
уы мүмкін. Бата
реяларды жəне зарядтау
құрылғыларын пайдаланған кезде мына сақтық шараларын сақтаңыз:
Осы жабдықта пайдалану үшін бекітілген батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
Батареяға жалын немесе қатты қызу əсерін тигізбеңіз.
Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз.
Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз.
Пайдалану кезінде батарея қызуы мүмкін. Пайдаланудан кейін бірден
батареяны ұстағанда са
қ болыңы
з.