Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
52
Негізгі параметрлер
Негізгі параметрлер
Бұл тарауда суретке түсірудің жəне қараудың негізгі
параметрлері қарастырылған.
Фокусты автоматты түрде, қолмен немесе сенсорлық басқару
элементтерін пайдаланып реттеуге болады. Фотокамераның
фокустау жолын таңдалған фокустау режимі жəне АФ
аумағының режимі анықтайды.
Фокустау режимін таңдау
Фокустау режимі фотокамераның
фокустау жолын басқарады. Фокустау
режимін i мəзіріндегі Focus mode
(Фокустау режимі) элементтерін жəне
фотосурет жəне бейнефильм түсіру
мəзірлерін пайдаланып таңдауға
болады (0 116, 133, 139).
Əдепкі параметрлерде фокустау режимін Fn2 түймешігін ұстап
тұру жəне басты басқару дискін айналдыру арқылы да таңдауға
болады (0 24).
Focus (Фокустау)
Параметр Сипаттама
AF-S
Single AF
(Əр кадр
бойынша
АФ)
Қозғалмайтын нысандар үшін. Фокустау үшін
ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Фотокамера фокустай алса, фокустау нүктесі
қызылдан жасылға өзгереді; ысырманы босату
түймешігі жартылай басылып тұрғанда фокустау
құлыпталады. Фотокамера фокустай алмаса,
фокустау нүктесі қызыл түспен жыпылықтайды.
Əдепкі параметрлерде, ысырманы фотокамера
фокустай алса ғана босатуға болады (фокустау
басымдығы).