Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
68
Негізгі параметрлер
Электрондық ысырманы қосу жəне
механикалық ысырманың жұмысы
тудыратын шу мен дірілді жою үшін
фотосурет түсіру мəзірінде Silent
photography (Дыбыссыз фотосурет
түсіру) үшін On (Қосулы) күйін
таңдаңыз. Баптау мəзірінде Beep
options (Дыбыстық сигнал параметрлері) үшін таңдалған
параметрге қарамастан, фотокамера фокустағанда немесе
өздігінен түсіруді реттейтін таймер кері санап жатқанда
дыбыстық сигнал шықпайды. Электрондық ысырма d5 (Shutter
type
(Ысырма түрі)) қолданушы параметрі үшін таңдалған
параметрге қарамастан пайдаланылатынын ескеріңіз.
Дыбыссыз фотосурет түсіру қосулы
кезде белгіше көрсетіледі. Continuous
H (extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген))
режимінен басқа суретке түсіру
режимдерінде ысырманы босатқанда
фотосурет түсірілгенін көрсету үшін
дисплей қысқа уақытқа күңгірттенеді.
Дыбыссыз фотосурет түсіруді қосу үздіксіз суретке түсіру
режимдері үшін кадрдың ілгерілеу жылдамдықтарын өзгертеді
(0 88) жəне кей
бір мүмкіндіктерді, соның ішінде жарқылды, ұзақ
экспозиция бұрмалануын азайтуды жəне жыпылықтауды
азайтуды өшіреді.
Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет
түсіру)