Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
Фокустау режимін i мәзіріндегі, фотосурет түсіру мәзіріндегі
немесе бейне жазу мәзіріндегі [ Фоку
с режимі ] тармағын
пайдаланып таңдауға болады (
0 74 , 0 432 , 0 525 ).
Фокус
Фокус режимі
Камераның фокустауын басқарыңыз.
Фоку
с режимін таңдау
Опция Сипаттама
AF‑S [ Жалғыз AF ]
Тұрақты нысандармен пайдаланыңыз. Фоку
стау үшін
ысырманы босату түймесін жартылай басқанда, фокустау
нүктесі қызылдан жасылға айналады және фокус
құлыпталады. Камера фокустай алмаса, фокустау нүктесі
қызыл болып жыпылықтайды және ысырманы босату
өшіріледі.
Әдепкі параметрлерде ысырманы камера фокустай алатын
болса ғана босатуға болады (фокус басымдығы).
AF‑C [ Үздіксіз AF ]
Спортшыларды және басқа қозғалатын нысандарды түсіру
үшін пайдаланыңыз. Ысырманы босату түймесі жартылай
басылғанда, фотокамера нысанға дейінгі қашықтықтың
өзгеруіне жауап ретінде фокусты үздіксіз реттейді.
Әдепкі параметрлерде нысан фокуста болса да, жоқ болса
да ысырманы босатуға болады (босату басымдығы).
AF‑F [ Толық уақытты AF ]
Камера нысан қозғалысына немесе композицияның
өзгеруіне жауап ретінде фокусты үздіксіз реттейді.
Фокустау үшін ысырманы босату түймесін жартылай
басқанда, фокустау нүктесі қызылдан жасылға айналады
және фокус құлыпталады.
Бұл опция тек бейне режимінде қол жетімді.
113
Фокус