САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы • Фотокамераны пайдаланбас бұрын, осы құжатты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (8-бет) оқып шығыңыз. • Осы құжатты оқыған соң, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін қолжетімді жерде сақтаңыз. Егжей-тегжейлі пайдалану туралы нұсқауларды алу үшін сканерлеңіз.
Бастау алдында Z f Қолданушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық Осы Пайдаланушы нұсқаулығы құжатына қоса, фотокамераңыз үшін Анықтамалық нұсқаулық құжаты қолжетімді. Пайдаланушы нұсқаулығы (осы құжат) Пайдаланушы нұсқаулығы фотокамераның негізгі әрекеттерін сипаттайды. Анықтамалық нұсқаулық Фотокамера мүмкіндіктері және әрекеттері туралы мәліметтер Пайдаланушы нұсқаулығы құжатының қосымшасы болып табылатын Анықтамалық нұсқаулық құжатында берілген.
Құжаттаманы және бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу Nikon жүктеп алулар орталығы Сандық фотокамераларға, NIKKOR объективтеріне және жарқыл бөліктеріне арналған құжаттама сонымен бірге бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары әрі NX Studio және басқа бағдарламалық жасақтама Nikon жүктеп алу орталығында қолжетімді. https://downloadcenter.nikonimglib.
Орауыш құрамы Мұнда тізілген барлық заттар фотокамерамен қоса берілгеніне көз жеткізіңіз. • Фотокамера корпусы • BS-1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы (фотокамераға бекітілген күйде келеді) • Жад карталары бөлек сатылады.
Осы құжат туралы Таңбалар Бұл құжатта келесі таңбалар пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз. D Кеңес 0 Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді, осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. Бұл белгіше осы құжаттың өзге бөлімдеріне жасалған сілтемелерді белгілейді.
Мазмұны Бастау алдында 2 Z f Қолданушы нұсқаулығы және Анықтамалық нұсқаулық................................................................................. 2 Құжаттаманы және бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу................................................................................ 3 Nikon жүктеп алулар орталығы............................. 3 Nikon бағдарламалық жасақтамасы жүктеп алынуда............................................................... 3 Орауыш құрамы.............................
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату 38 Фотосуреттер түсіру (b режимі)................................................ 38 Бейнефильмдер жазу (b режимі)............................................. 43 Ойнату........................................................................................ 47 Ақауларды жою 48 Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында........ 48 Техникалық ескертпелер 49 Фотокамераны күту....................................................................
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды я болмаса өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жететін жерде сақтаңыз. A ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. A ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
A ЕСКЕРТУ Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін. Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
A ЕСКЕРТУ Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін және USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз: • Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін. Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз және айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
A САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ Өнімді кардиостимуляторлардан және басқа медициналық құрылғылардан кемінде 5 см қашықтықта ұстаңыз. Жақын жерде орналасқан медициналық құрылғыларға өнімдегі магнит немесе магниттер әсер етуі мүмкін. A ҚАУІП (Батареялар) Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін: • Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы батареяларды пайдаланыңыз.
A ЕСКЕРТУ (Батареялар) Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Батареяларды үй жануарларынан және басқа жануарлардан аулақ ұстаңыз. Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін. Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр әсерін тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Ескертпелер • Осы өніммен бірге келген құжаттаманың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көбейтуге, таратуға, транскрипциясын жасауға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді. • Nikon компаниясы осы құжаттамада сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады.
• Кейбір көшірмелер және көбейтілген нұсқаларға қатысты сақтық ескертулері Компания тарапынан іскерлік мақсатта қажетті көшірмелердің шектеулі саны қажет болған кезден басқа жағдайлар үшін үкімет жеке компаниялар тарапынан шығарылған құнды қағаздардың (акциялар, банкноталар, чектер, сыйлық сертификаттар, т.б.), жол жүру билеттерінің немесе купондық билеттердің көшірмелеріне немесе көбейтілген нұсқаларына қатысты сақ болу керектігі туралы ескертулерді таратты.
• Жад карталары • Пайдаланудан кейін жад карталары ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан шығарған кезде сақ болыңыз. • Пішімдеу кезінде немесе деректерді жазу, жою, я болмаса компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіру кезінде келесі әрекеттерді орындамаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау деректердің жоғалуына, я болмаса фотокамераның немесе картаның зақымдалуына әкелуі мүмкін. - Жад карталарын шығармаңыз немесе салмаңыз. - Фотокамераны өшірмеңіз. - Батареяны шығармаңыз.
D Маңызды суреттерді түсіруден бұрын Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын, фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табыстарға жауап бермейді.
Фотокамераның бөліктері Фотокамера корпусы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 10 15 13 12 11 1 ISO сезімталдығы 9 Фотокамера бауына арналған 2 10 Экспозиция түзетілімі 3 4 5 6 7 8 18 14 дөңгелекшесі ISO сезімталдығы дөңгелекшесінің құлпын босату Стерео микрофон Ысырма жылдамдығы дөңгелекшесінің құлпын босату Ысырма жылдамдығы дөңгелекшесі Қуат ажыратқышы Ысырманы босату түймешігі Бейнефильмді жазу түймешігі Фотокамера корпусы тесік дөңгелекшесі 11 Басқару панелі 12 Фотосурет/бейнефильм ауыстырғышы 13 К
1 2 6 11 1 АФ қосымша шамы 2 3 4 3 7 4 8 9 10 5 Қызыл көз әсерін азайту шамы Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы Монитор режимі түймешігі (M) USB жалғағыш қақпағы Микрофонның, құлаққаптың және HDMI жалғағыштарының қақпағы 5 Объективті бекіту таңбасы 6 Зарядтау шамы 7 USB жалғағыш 8 Құлаққап жалғағышы 9 HDMI жалғағышы 10 Сыртқы микрофонға арналған жалғағыш 11 Корпус қақпағы Фотокамера корпусы 19
7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 20 Монитор Окулярды босату Жою түймешігі (O) Ойнату түймешігі (K) Фотокамера корпусы 5 Резеңке көзүсті қалқан 6 Көріністапқыш 7 Көз сенсоры
1 2 3 1 Линза реттеу дөңгелекшесі 2 АЭ/АФ құлпы (A) түймешігі 3 4 5 6 7 8 Қорғау түймешігі (g) Үндеткіш «i» түймешігі (i) Басты басқару дискі Мульти селектор OK түймешігі (J) Қарау кезінде ұлғайту түймешігі (X) 4 5 6 7 8 9 10 11 12 9 DISP түймешігі (d) 10 MENU түймешігі (G) 11 Ойнатуды кішірейту/сурет нобайлары түймешігі (W) Анықтама түймешігі (Q) 12 Жад картасына қатынасу шамы Фотокамера корпусы 21
1 2 9 3 8 4 5 6 7 1 2 3 4 5 6 22 Объективті босату түймешігі Объектив жиектемесі Микропроцессор түйіспелері Кескін сенсоры Штатив ұяшығы Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағы Фотокамера корпусы 7 Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығы қақпағының ілмегі 8 Fn түймешігі 9 Қосымша басқару дискі
Алғашқы қадамдар Бауды жалғау Бауды жалғау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Батареяны және жад карталарын салу Фотокамера екі жад картасы ұяшығымен жабдықталған: бір SD жад картасын қабылдайтын ұяшық (q) және бір microSD жад картасын қабылдайтын екінші ұяшық (w), жалпы екі карта, әр түрінен біреу. • Батареяны немесе жад карталарын салу немесе шығару алдында фотокамераны өшіріңіз. • Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз. • microSD жад картасын пайдаланып жатсаңыз, оны батареяны салмай тұрып салу ұсынылады.
D Батареяны алу Батареяны шығару үшін фотокамераны өшіріңіз және батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткі көрсеткен бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз. D Жад карталарын алу Жад карталарын алмай тұрып жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін фотокамераны өшіріңіз және батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз.
Батарея деңгейі • Батарея деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейінде көрсетіледі. • Батарея деңгейі азайғанда, батарея деңгейінің дисплейі L, K, H аралығында өзгереді. Батарея деңгейі H деңгейіне түскенде, суретке түсіруді уақытша тоқтатыңыз және батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз. • Егер [Shutter release disabled. Recharge battery.] (Ысырманы босату өшірілген. Батареяны зарядтаңыз.) хабары көрсетілсе, батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз.
Қалған кадрлар саны • Фотокамераны қосқанда, түсіру режимінің дисплейі ағымдағы параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттердің санын көрсетеді. • 1000-нан жоғары мәндер ең жақын жүздікке дейін дөңгелектенеді. Мысалы, 1500 мен 1599 арасындағы мәндер «1.5 k» түрінде көрсетіледі. Кеңес: Жазудан қорғау ажыратқышы • SD жад карталары жазудан қорғау ажыратқышымен жабдықталған. Ажыратқышты «lock» (құлыптау) күйіне ауыстыру картаны жазудан қорғайды, осылайша ол қамтитын деректерді қорғайды.
Батареяны зарядтау Пайдалану алдында жинақтағы EN-EL15c батареясын зарядтаңыз. Фотокамераға салулы кезде батареяны зарядтау жолы: жинақтағы USB кабельді пайдаланып фотокамераны қосымша EH-8P айнымалы ток адаптеріне қосыңыз. D Сақтық ескертулер: батареяларды пайдалану «Қауіпсіздік шаралары» ( 0 8) бөліміндегі және «Фотокамера мен батареяны күту: сақтық ескертулер» ( 0 50) бөліміндегі ескертулер мен сақтық ескертулерді оқып шығып, ескеріңіз/ қолданыңыз. 1 Батареяны салыңыз (024).
өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін 2 Фотокамера жинақтағы USB кабельді пайдаланып фотокамераны қосымша EH-8P айнымалы ток адаптеріне қосыңыз (q). Айнымалы ток адаптерін розеткаға қосыңыз. Батарея фотокамера өшірулі кезде зарядталады. Салу және алу кезінде ашаны тік ұстаңыз. • Зарядтау орындалып жатқанда, фотокамераның зарядтау шамы (w) сары түспен жанып тұрады. Зарядтау аяқталғанда бұл шам өшеді. • 5 В/500 мА кіріс берілсе, таусылған батарея шамамен 2 сағат 40 минутта толығымен зарядталады.
D Сақтық ескертулер: зарядтау • EN-EL15c және EN-EL15b батареяларын ғана фотокамераға салулы кезде зарядтауға болады. EN‑EL15a батареяларын қосымша MH‑25a зарядтау құрылғысын пайдаланып зарядтауға болады. • Зарядтау қателері (мысалы, фотокамераның жоғары температуралары немесе EN‑EL15a батареясын зарядтау әрекеттері тудырған) зарядтау шамының өшпей тұрып шамамен 30 секунд бойы жылдам жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Кеңес: компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу және батареяны зарядтау USB арқылы қосылған компьютерлер фотокамарға қуат беру немесе батареяны зарядтау үшін тоқ бере алады. • Компьютер тек қосулы кезде қуат береді. Компьютер ұйқы режимінде болғанда зарядтау уақытша тоқтатылады. Ол ұйқы режимі аяқталғанда жалғасады. • Зарядтау кезінде компьютерді USB концентратор немесе пернетақта арқылы қоспаңыз. Оны тікелей фотокамераға қосыңыз.
Объективті жалғау • Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Объективтер туралы қосымша ақпаратты Nikon жүктеп алу орталығында қолжетімді объектив құжаттамасынан қараңыз. • Осы құжатта көрнекілік мақсатта негізінен NIKKOR Z 40mm f/2 (SE) объективі пайдаланылады. • Фотокамераға шаңның енуін болдырмаңыз. • Объективті жалғау алдында фотокамера өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. - Фотокамера корпусының қақпағын (q, w) және объективтің артқы қақпағын (e, r) алыңыз.
- Объективті орнына «шырт» етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз (u). • Суреттер түсіру алдында алдыңғы объектив қақпағын алыңыз. D F бекіткіші бар объективтер • F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ II немесе FTZ орнату адаптерін (бөлек сатылады) фотокамераға жалғаңыз. • F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға жалғауға әрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.
Мониторды ашу Мониторды ақырын айналдырыңыз. Күшті қолданбаңыз.
Фотокамераны реттеу Фотокамераны қосыңыз, тілді таңдаңыз және сағатты орнатыңыз. Фотокамераны бірінші рет пайдалану алдында, тіл мен уақыт белдеуін таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз және сіз түсіретін кез келген суреттерде дұрыс уақыт пен күн жазылуы үшін сағатты орнатыңыз. түймешігін басыңыз, баптау 1G мәзірінде [Language] (Тіл) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. 2 Тілді таңдаңыз.
4 Уақыт белдеуін таңдаңыз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Time zone] (Уақыт белдеуі) параметрін таңдаңыз. • Дисплейде таңдалған аймақтағы таңдалған қалалар әрі таңдалған аймақтағы уақыт пен UTC арасындағы айырмашылық көрсетіледі. • [Time zone] (Уақыт белдеуі) дисплейінде уақыт белдеуін белгілеп, J түймешігін басыңыз. уақытты қосыңыз немесе 5 Жазғы өшіріңіз. • [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) дисплейінде [Daylight saving time] (Жазғы уақыт) параметрін таңдаңыз.
8 Мәзірлерден шығыңыз. Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін ақырын жартылай басыңыз. D t белгішесі Түсіру режимінің дисплейіндегі жыпылықтайтын t белгішесі фотокамера сағаты ысырылғанын көрсетеді. Жаңа фотосуреттерде жазылған күн мен уақыт дұрыс болмайды; сағатты дұрыс уақыт пен күнге орнату үшін баптау мәзіріндегі [Time zone and date] (Уақыт белдеуі және күн) > [Date and time] (Күн және уақыт) параметрін пайдаланыңыз. Фотокамера сағатына тәуелсіз сағат батареясы қуат береді.
Негізгі фотосурет түсіру және ойнату Фотосуреттер түсіру (b режимі) Қарапайым, «бағытта да, суретке түсір» әдісімен фотосурет түсіру үшін b (автоматты) режимін таңдаңыз. D Жиналмалы жиектемелері бар объективтер Пайдалану алдында жиналмалы жиектемелері бар объективтерді ұзарту керек. Объектив ұзартылған күйіне «шырт» етіп орнына түскенше масштабтау сақинасын көрсетілгендей айналдырыңыз. режимін фотосурет/ 1 Фотосурет бейнефильм ауыстырғышын C күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз.
сезімталдығы дөңгелекшесін C 3 ISO күйіне айналдырыңыз. AUTO (b) режимінің әдепкі параметрлерінде болғанда, ISO сезімталдығы дөңгелекшесі C күйіне айналдырылған кезде, экспозицияны басқаруға көмектесу үшін фотокамера ISO сезімталдықты автоматты түрде реттейді. 4 Фотокамераны дайындаңыз. Тұтқаны оң қолыңызбен ұстап, сол қолыңызбен фотокамера корпусын немесе объективті ұстап, шынтақтарыңызды кеудеңіздің бүйірлеріне жақындатыңыз.
үшін ысырманы босату 6 Фокустау түймешігін жартылай басыңыз (яғни, ысырманы босату түймешігін ақырын басып, жартылай басылған кезде тоқтаңыз). • Нысан фокуста болғанда, фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. • Егер нысан нашар жарықтандырылған болса, фокустау әрекетіне көмектесу үшін АФ қосымша шамы жануы мүмкін. • Егер фотокамера фокустай алмаса, фокусталмаған индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды.
D АФ қосымша шамы Жанып тұрған АФ қосымша шамын жаппаңыз. D Сақтық ескертулер: фотосуреттер түсіру • Түсіру режимінің дисплейінде келесіні байқауыңыз мүмкін.
D Жад картасына қатынасу шамы Фотосурет жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз я болмаса жад картасын немесе батареяны шығармаңыз. Кеңес: сенсорлы қосылатын ысырма Сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосурет түсіруге болады. Фокустау үшін нысанды түртіңіз және ысырманы босату үшін саусақты көтеріңіз. Кеңес: экспозиция түзетілімі дөңгелекшесі Экспозицияны экспозиция түзетілімі дөңгелекшесін айналдыру арқылы реттеуге болады.
Бейнефильмдер жазу (b режимі) b (автоматты) режимін қарапайым, «бағытта да, түсір» әдісі арқылы бейнефильм жазу үшін пайдалануға болады. режимін фотосурет/ 1 Бейне бейнефильм ауыстырғышын 1 күйіне айналдыру арқылы таңдаңыз. Фотокамера бейне режимінде болғанда қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз. ауыстырғышын AUTO (b) 2 Режим күйіне айналдырыңыз.
бастау үшін бейнефильмді 3 Жазуды жазу түймешігін басыңыз. • Жазу индикаторы көрсетіледі және түсіру режимінің дисплейінің жиектері қызыл түске айналады. Сондайақ дисплей қалған уақытты немесе басқаша айтқанда, жад картасына жазуға болатын жаңа түсірілген бөліктің болжамды мөлшерін көрсетеді. 1 2 3 1 Жазу индикаторы 2 Бейне жазу уақыты 3 4 (жазылған түсірілген бөліктің ұзақтығы) Қолжетімді жазу уақыты Жазу индикаторы (қызыл жиек) 4 • Дыбыс кірістірілген микрофон арқылы жазылады.
D Жад картасына қатынасу шамы Бейнефильм жазылып жатқанда жад картасына қатынасу шамы жанып тұрады. Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз я болмаса жад картасын немесе батареяны шығармаңыз. D 0 белгішесі 0 белгішесі бейнефильмдерді жазу мүмкін емес екенін көрсетеді.
D Сақтық ескертулер: бейнефильм жазу • Түсіру режимінің дисплейінде келесіні байқауыңыз мүмкін.
Ойнату Суретке түсіруден кейін фотосуреттер мен бейнелерді мониторда немесе көріністапқышта көру үшін K түймешігін басыңыз. • Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз я болмаса солға немесе оңға қарай шертіңіз. • Бейнефильмдер дисплейдің жоғарғы сол жақ бұрышындағы 1 белгішесі арқылы көрсетіледі. Ойнатуды бастау үшін дисплейде a белгішесін нұқыңыз немесе J түймешігін басыңыз. • Ойнатуды аяқтап, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Ақауларды жою Тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында Төмендегі қадамдарды орындау арқылы сіз фотокамерадағы кез келген мәселелерді шеше алуыңыз мүмкін. Дүкеннен немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілінен кеңес алу алдында осы тізімді тексеріңіз. 1 2 3 4 48 Жиі кездесетін мәселелердің тізімін қараңыз. Жиі кездесетін мәселелер мен шешімдер Анықтамалық нұсқаулық құжатының ақаулықтарды жою бөлімінде тізілген.
Техникалық ескертпелер Фотокамераны күту Ұзақ мерзім бойы сақтау Өнім ұзақ кезең бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз. Батареяны шығару алдында фотокамераның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Фотокамераны мынадай жерлерде сақтамаңыз: • нашар желдетілетін немесе 60%-дан астам ылғалдылық әсер ететін жерлерде, • теледидарлар немесе радиолар сияқты күшті электрмагниттік өрістерді тудыратын жабдық жанындағы жерлерде немесе • 50 °C-тан асатын немесе −10 °C-тан төмен температуралар әсер ететін жерлерде.
Фотокамераны және батареяны күту: сақтық ескертулер Сақтық ескертулер: фотокамераны пайдалану • Түсіріп алмаңыз Фотокамераны немесе объективті түсіріп алмаңыз, я болмаса оларға соққылардың әсерін тигізбеңіз. Күшті соққыларға немесе дірілге ұшыраған жағдайда өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. • Құрғақ күйде ұстаңыз Фотокамераны құрғақ күйде ұстаңыз.
• Лазерлер және басқа қатты жарық көздері Лазерлерді немесе басқа өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл фотокамераның кескін сенсорына зиян тигізуі мүмкін. • Тазалау Фотокамера корпусын тазалағанда, шаң мен қылшықтарды ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз.
• Жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз Зеңді немесе көгеруді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ, жақсы желдетілетін аумақта сақтаңыз. Фотокамераны нафта немесе камфара шариктерімен бірге, күшті электрмагниттік өрістерді тудыратын жабдықтың жанында немесе өте жоғары температуралар әсер ететін жерде, мысалы, қыздырғыштың жанында немесе ыстық күнде жабық көлікте сақтамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
• Монитор/көріністапқыш • Мониторлар және көріністапқыш өте жоғары дәлдікпен құрастырылады; нүктелердің кемінде 99,99% жұмыс істейді, жоқ немесе ақаулы нүктелер 0,01%-дан аспайды. Сондықтан, бұл дисплейлерде әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе әрқашан өшірулі болатын (қара) нүктелер болуы мүмкін, бұл ақаулық емес. Құрылғымен жазылған суреттерге әсер етілмейді. Түсінуіңізді сұраймыз. • Монитордағы суреттерді қатты жарықта көру қиын болуы мүмкін. • Мониторға қысым қолданбаңыз.
• Қатты жарықтар және артқы жағы жарықтандырылған нысандар Сызықтар түріндегі бұрмалану сирек жағдайларда қатты жарықтарды немесе артқы жағы жарықтандырылған нысандарды қамтитын суреттерде пайда болуы мүмкін.
Сақтық ескертулер: батареяларды пайдалану • Пайдалануға қатысты сақтық шаралары • Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, батареялар жарылып немесе ағып, бұл өнімнің коррозиясына әкелуі мүмкін. Батареяларды пайдаланғанда келесі сақтық шараларын қолданыңыз: - Батареяны ауыстыру алдында өнімді өшіріңіз. - Ұзақ пайдаланудан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін. - Батареяның түйіспе тұстарын таза ұстаңыз. - Тек осы жабдықта пайдалануға мақұлданған батареяларды пайдаланыңыз.
• Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе зарядтағыштан шығарыңыз. Фотокамера мен зарядтағыш тіпті өшірулі кезде де зарядтың шағын мөлшерін алады және батареяны жұмыс істемей қалатын деңгейге дейін тауысуы мүмкін. • Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін төмендетуі мүмкін. Батареяны іште, 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз.
• Пайдалану алдында батареяларды зарядтау Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Жинақтағы батарея жөнелткенде толығымен зарядталған болмайды. • Қосалқы батареяларды дайындаңыз Фотосуреттер түсіру алдында қосалқы батареяны дайындаңыз және толығымен зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге байланысты ауыстыруға арналған батареяларды қысқа мерзімде сатып алу қиын болуы мүмкін.
Сауда белгілері және лицензиялар • SD, SDHC, SDXC, microSD, microSDHC және microSDXC логотиптері SD-3C, LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады. • Windows — Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы және/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. • Apple®, App Store®, Apple логотиптері, iPhone®, iPad®, Mac және macOS — Apple Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.
• Bluetooth® сөз белгісі және логотипі Bluetooth SIG, Inc. иелігіндегі тіркелген сауда белгілері болып табылады және Nikon мұндай белгілерді тек лицензия бойынша пайдаланады. • Wi-Fi және Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. • Powered by intoPIX technology. • Nikon өнімімен бірге қамтамасыз етілген осы құжатта немесе басқа құжаттамада аталған барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Ескертпелер • Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СӘЙКЕС ЛАҚТЫРЫҢЫЗ. Бұл таңба электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады: • Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде лақтырмаңыз.
Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы мәтін жазылып жатқанда эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін). Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
• Еуропадағы және радио жабдықтар туралы директива талаптарын сақтайтын елдердегі тұтынушыларға арналған ескерту Осымен, Nikon Corporation Z f деген радиожабдық түрі 2014/53/EU директивасының талаптарына сай екенін жариялайды. ЕО сəйкестік декларациясының толық мәтіні келесі интернет мекенжайында қолжетімді: https://imaging.nikon.com/imaging/support/pdf/DoC_N2137.pdf Осы радиожабдыққа арналған 5150–5350 МГц диапазоны ғимарат ішіндегі жұмыстарға ғана шектелген.
• Еуропадағы тұтынушыларға ескерту Күту режиміндегі қуатты тұтыну Режим Қуатты тұтыну Өшірулі режимі 0,5 Вт-тан азырақ Желілік күту режимі (Bluetooth байланыстары) 2 Вт-тан азырақ Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) 63
• Қауіпсіздік Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін: • Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз тасымалданатын деректерді ұстап, пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін және басқа жеке ақпаратты ұрлауы мүмкін.
Кеден Одағының мәлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/ сертификат Шығарылған күні: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Zf Өндіруші: “Никон Корпорейшн”, Шинагава Интерсити, Башня “C”, 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония Импортер: Ж ШС "Никон", Мекен жайы: 123242, Ресей, Мəскеу, Пресненский муниципалды округі, Новинский бульвары, 31 үй, 1 қабат, 77 бөлме Шығарушы ел: Таиланд Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) 65
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/ Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз: https://www.europe-nikon.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: • қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе ауыстыру. • пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. • тасымалдау шығындары және өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сәйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да әсер етпейді. Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = https://www.europe-nikon.com/service/).
NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз бұл құжаттың ешбір түрдегі толық немесе ішінара (маңызды мақалаларда немесе шолуларда қысқаша дәйексөз келтіруді қоспағанда) репродукциясын жасауға болмайды. Қоршаған ортаға алаңдауы себепті Nikon компаниясы қағазды пайдалануын азайту үшін жұмыс істеуде.