Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_01
24
Батареяны және жад карталарын салу
Батареяны және жад карталарын салу
Фотокамера екі жад картасы ұяшығымен
жабдықталған: бір SD жад картасын
қабылдайтын ұяшық (q) және бір microSD
жад картасын қабылдайтын екінші ұяшық
(w), жалпы екі карта, әр түрінен біреу.
Батареяны немесе жад карталарын салу немесе шығару
алдында фотокамераны өшіріңіз.
Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт»
етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз.
microSD жад картасын пайдаланып жатсаңыз, оны батареяны
салмай тұрып салу ұсынылады.
Қызғылт сары батарея ілмегін бір жаққа басып тұру үшін
батареяны пайдаланып, ілмек орнында құлыпталғанша
батареяны батарея бөліміне сырғытыңыз.