Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_01
27
Батареяны және жад карталарын салу
Қалған кадрлар саны
Фотокамераны қосқанда, түсіру режимінің дисплейі ағымдағы
параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттердің санын
көрсетеді.
1000-нан жоғары мәндер ең жақын жүздікке дейін
дөңгелектенеді. Мысалы, 1500 мен 1599 арасындағы мәндер
«1.5 k» түрінде көрсетіледі.
Кеңес: Жазудан қорғау ажыратқышы
SD жад карталары жазудан қорғау ажыратқышымен
жабдықталған. Ажыратқышты «lock» (құлыптау) күйіне ауыстыру
картаны жазудан қорғайды, осылайша ол қамтитын деректерді
қорғайды.
Жазудан қорғалған карта салынса, түсіру режимінің дисплейінде
«– – –» индикаторы және [Card] (Карта) ескертуі көрінеді.
Жазудан қорғалған карта салынған кезде ысырманы
босатуға әрекеттенсеңіз, ескерту көрсетіледі және ешбір
сурет жазылмайды. Суреттер түсіруге немесе оларды жоюға
әрекеттенбей тұрып жад картасының құлпын ашыңыз.
Кеңес: ұяшық белгішелері
Ағымдағы суреттің орны ойнату
дисплейінің төменгі сол жақ бұрышындағы
белгішемен көрсетіледі.