Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_01
30
Батареяны зарядтау
D Сақтық ескертулер: зарядтау
• EN-EL15c және EN-EL15b батареяларын ғана фотокамераға
салулы кезде зарядтауға болады. EN-EL15a батареяларын
қосымша MH-25a зарядтау құрылғысын пайдаланып зарядтауға
болады.
• Зарядтау қателері (мысалы, фотокамераның жоғары
температуралары немесе EN-EL15a батареясын зарядтау
әрекеттері тудырған) зарядтау шамының өшпей тұрып шамамен
30 секунд бойы жылдам жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
• Зарядтау шамы өшкеннен кейін фотокамераны қосу (немесе күту
режимінің таймерін белсендіру) және батареяның зарядталған
екеніне көз жеткізу ұсынылады.
Кеңес: қосымша EH-7P зарядтау айнымалы ток адаптерлері:
зарядтау
Сонымен бірге батареяны қосымша EH-7P зарядтау айнымалы ток
адаптері арқылы зарядтауға болады. Фотокамера өшірулі екеніне
көз жеткізгеннен кейін адаптерді USB арқылы фотокамераға
қосыңыз, содан кейін розеткаға қосыңыз. Батарея фотокамера
өшірулі кезде зарядталады. Салу және алу кезінде ашаны тік
ұстаңыз.
Кеңес: фотокамераға қуат беру
Фотокамера EH-8P немесе EH-7P айнымалы ток адаптеріне қосулы
кезде баптау мәзірінде [USB power delivery] (USB арқылы қуат
беру) үшін [ON] күйі таңдалған болса, фотокамера қосулы кезде
фотокамераға қуат беріледі.
• Батарея салынған кезде ғана фотокамераға қуат қамтамасыз
етіледі.
• Фотокамераға сыртқы қуат көзі қуат беріп тұрғанда, батарея
зарядталмайды.