Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_01
31
Батареяны зарядтау
Кеңес: компьютердің USB порты арқылы қуатты жеткізу және
батареяны зарядтау
USB арқылы қосылған компьютерлер фотокамарға қуат беру
немесе батареяны зарядтау үшін тоқ бере алады.
• Компьютер тек қосулы кезде қуат береді. Компьютер ұйқы
режимінде болғанда зарядтау уақытша тоқтатылады. Ол ұйқы
режимі аяқталғанда жалғасады.
• Зарядтау кезінде компьютерді USB концентратор немесе
пернетақта арқылы қоспаңыз. Оны тікелей фотокамераға
қосыңыз.
• Компьютердің USB жалғағыш түріне және техникалық
сипаттамаларына байланысты іс жүзіндегі зарядталу уақыттары
ұзағырақ болуы мүмкін.
• Үлгінің және өнімнің сипаттамаларына байланысты кейбір
компьютерлер фотокамераға қуат беру немесе батареяны
зарядтау үшін токты қамтамасыз етпейді.