Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_01
41
Фотосуреттер түсіру (b режимі)
D АФ қосымша шамы
Жанып тұрған АФ қосымша шамын жаппаңыз.
D Сақтық ескертулер: фотосуреттер түсіру
Түсіру режимінің дисплейінде келесіні байқауыңыз мүмкін.
Сонымен бірге фотокамерамен түсірілген кез келген
фотосуреттерде мына құбылыстар көрінеді:
- флюоресцентті, сынапты немесе натрий шамдары сияқты
көздермен жарықтандырылған көріністердегі жыпылықтау
немесе жолақтар,
- қозғалыс кезіндегі бұрмалану (кадр арқылы жоғары
жылдамдықпен қозғалатын пойыздар немесе көліктер сияқты
жеке нысандар бұрмалануы мүмкін я болмаса, фотокамераны
көлденеңінен панорамалау кезінде бүкіл кадр бұрмаланған
болып көрінуі мүмкін),
- қырлы жиектер, түсті жиек, муар әсері немесе жарық нүктелер
я болмаса
- жыпылықтап тұрған белгілер және басқа үзік-үзік жарық
көздері жарықтандырған көріністердегі я болмаса нысанды
стробоскоптық не басқа жарық, уақытша жарық көзі қысқа
уақыт бойы жарықтандырған кездегі жарық аймақтар немесе
жолақтар.
Объективтегі көріністі ұлғайту үшін X түймешігін пайдалансаңыз,
бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің
әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер пайда болуы
мүмкін екенін ескеріңіз.
Суретке түсіру кезінде фотокамераны күнге немесе басқа қуатты
жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
фотокамераның ішкі сұлбасын зақымдауы мүмкін.