Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
Kk_01
45
Бейнефильмдер жазу (b режимі)
D Жад картасына қатынасу шамы
Бейнефильм жазылып жатқанда жад
картасына қатынасу шамы жанып
тұрады. Батарея бөлімі/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашпаңыз я болмаса
жад картасын немесе батареяны
шығармаңыз.
D 0 белгішесі
0 белгішесі бейнефильмдерді жазу мүмкін емес екенін көрсетеді.
D Сақтық ескертулер: бейнефильмдер жазу
Бейнефильм жазу мына жағдайларда автоматты түрде
аяқталады:
- максималды ұзақтыққа жеткенде,
- батарея таусылғанда,
- сіз басқа суретке түсіру режимін таңдасаңыз,
- фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын пайдаланып
режимдерді ауыстырсаңыз,
- объективті алғанда немесе
- фотокамераның ішкі температурасы көтерілгенде.
Фотокамера тудырған дыбыстар жазылған түсірілген бөлікте
естілуі мүмкін:
- автофокус кезінде,
- дірілді азайту кезінде,
- электр жетекті апертура пайдаланылғанда немесе
- электр жетекті масштабтау пайдаланылғанда.
D Жоғары температура туралы ескертулер
Бейнефильм жазу кезінде фотокамера
қызуы мүмкін және түсіру режимінің
дисплейінде жоғары температура туралы
ескерту көрінуі мүмкін. Фотокамераны,
батареяны немесе жад карталарын
ұстамай тұрып фотокамераның
салқындауын және дисплейден ескертудің
тазалануын күтіңіз.