Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Бастау алдында
- Фотокамераның бөліктері
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Ақауларды жою
- Техникалық ескертпелер
Kk_01
46
Бейнефильмдер жазу (b режимі)
D Сақтық ескертулер: бейнефильм жазу
• Түсіру режимінің дисплейінде келесіні байқауыңыз мүмкін.
Сонымен бірге фотокамерамен түсірілген кез келген түсірілген
бөлікте мына құбылыстар көрінеді:
- флюоресцентті, сынапты немесе натрий шамдары сияқты
көздермен жарықтандырылған көріністердегі жыпылықтау
немесе жолақтар,
- қозғалыс кезіндегі бұрмалану (кадр арқылы жоғары
жылдамдықпен қозғалатын пойыздар немесе көліктер сияқты
жеке нысандар бұрмалануы мүмкін я болмаса, фотокамераны
көлденеңінен панорамалау кезінде бүкіл кадр бұрмаланған
болып көрінуі мүмкін),
- қырлы жиектер, түсті жиек, муар әсері немесе жарық нүктелер,
- жыпылықтап тұрған белгілер және басқа үзік-үзік жарық
көздері жарықтандырған көріністердегі я болмаса нысанды
стробоскоптық не басқа жарық, уақытша жарық көзі қысқа
уақыт бойы жарықтандырған кездегі жарық аймақтар немесе
жолақтар я болмаса
- жазу кезінде электр жетекті апертура пайдаланылған кездегі
жыпылықтау.
• Объективтегі көріністі ұлғайту үшін X түймешігін пайдалансаңыз,
бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің
әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер пайда болуы
мүмкін екенін ескеріңіз.
• Жазу кезінде фотокамераны күнге немесе басқа қуатты жарық
көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
фотокамераның ішкі сұлбасын зақымдауы мүмкін.
Кеңес: экспозиция түзетілімі дөңгелекшесі
Экспозицияны экспозиция түзетілімі
дөңгелекшесін айналдыру арқылы реттеуге
болады.